Скимминг – заңды транзакция кезінде несиелік немесе дебеттік карта ақпаратын ұрлау. Скиммер суретшілері қалталы скиммерлерді пайдаланып бейхабар тұтынушылардың несиелік және дебеттік карталарын сканерлеу үшін мейрамханаларда, жанармай құю станцияларында және қонақүйлерде уақытша жұмыс табады. Ұрылар сондай-ақ банкоматтар мен жанармай құю бекеттеріндегі картаны оқу құрылғыларының үстіне карта туралы ақпаратты жинайтын скиммерлерді орнатады. Ал кейбірі клиенттердің PIN кодтарын енгізуін бақылау үшін шағын камера қосып қояды.
Содан кейін олар сіздің нөміріңіз бен ақпаратыңыз бар жаңа картаны басып шығарады немесе ақпаратыңызды желіге енгізу арқылы сіздің атыңыздан сауда жасап, ақшаңызды ұрлайды.
Қауіпсіздігі қорғалмаған интернетке қосылу да қауіпті. Егер сіздің үйіңізде немесе кеңсеңізде қосылған интернет желісі қорғалмаған болса, хакерлер оны дереу өз пайдасына асыратын болады. Олар компьютерде немесе желіде сақталған жеке деректерге қол жеткізу үшін сіздің қорғалмаған интернет желіңізді пайдалана алады. Сонымен қатар, банктік шоттарға кіру немесе онлайн сауда жасау үшін мейрамханаларда, қонақүйлерде немесе басқа жерлерде қорғалмаған Wi-Fi нүктесін пайдалансаңыз, хакерлер транзакцияларыңызды бақылап, жеке деректеріңіздіұрлай алады.
Деректердің құпиялығының бұзылуы –деректерге қол жеткізуге немесе ашуға рұқсаты жоқ адамдардың жеке ақпаратты (мысалы, жеке әлеуметтік қамсыздандыру нөмірлері, жүргізуші куәлігінің нөмірлері, медициналық жазбалар немесе қаржылық жазбалар мен шот туралы ақпарат) ұрлауы немесе байқаусызда ашуы. Өзгелер үшін құпия болуы тиіс деректер хакерлердің корпоративтік желіні бұзу нәтижесінде жарияланып кетеді. Смартфон қолданатындар алаяқтықтардың әрекетіне жиі түсіп қалып жатады. Мысалы, біз ұялы телефонмен сөйлескенде, мәтіндік хабарлама немесе электронды поштаны жібергенде интернет-алаяқтар бұл ақпаратты тыңдап тұруы мүмкін. Осылайша, олар аталған деректерге оңай қол жеткізіп алады.