ЦИФРЛАНДЫРУ: ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР  РОБОТОТЕХНИКА САЛАСЫН ДАМЫТУДА

 

Робототехника маманы робот жасау негіздерін үйретуде жаттығулар мен жарыстар басты рөл атқарады деп есептейді. Бұл ғылым мен техникаға деген қызығушылықты оятып қана қоймай, өскелең ұрпақтың болашақта сұранысқа ие болатын дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бұл тәсіл робототехника саласындағы инженерлер мен өнертапқыштардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді. – 2015 жылы Қазақстанда Робототехника федерациясы – «KazRobotics» құрылды. Қазіргі таңда «KazRobotics» федерациясы әрбір облыста іріктеу өткізіп, чемпионат жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алады. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін «KazRobotics» федерациясының президенті Айжан Жакеева осы жарыстарды қолға алып, Қазақстанда спорттық робототехниканы дамытуға атсалысып, талантты жас қатысушыларды біріктіруге ықпал етіп жүр. Сонымен қатар «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауы білім алушыларға ғылым мен техниканың түрлі саласында, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетіп келеді. Жалпы балалар робототехникаға қызығушылық танытуда. Робототехника балалардың логикалық ойлауын, математикалық және алгоритмдік қабілетін, электрондық жүйелерді түсінуін, есептерді әртүрлі тәсілдермен шешуді, қиялын, логикасын, құрастыру қабілетін, топпен жұмыс істеу және ғылыми ізденістерге деген қызығушылығын дамытады. Қазіргі кезде қаламызда робототехника үйірмелердің саны артуда. Сонымен қатар мектептерде қосымша робототехника факультатив сабақтары өткізілуде. Арнайы жабдықталған «Робототехника» кабинетінде оқушылар робот құрастырудың негіздерін Arduino, Lego Mindstorms EV3, spike prime және микроконтроллерінің құрылғыларымен таныса отырып, роботтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын, құрастыру дағдыларын меңгереді. Осы үйірмелер арқылы оқушылар инженерлік, нұсқаушылық, шығармашылық идеяларды іске асыру және өз әлеуетін көтеруге мүмкіндік ала отырып, болашақта техникалық мамандық таңдаудағы мүмкіндіктермен танысады – дейді Раушанбек Әбілдаұлы. «Алдағы 5-10 жылда елімізде робототехника қалай дамиды?» деген сауалға сарапшы былай дейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *