Бүгінде біз Орталық Азияның, Еуропаның және Американың көптеген елдерімен қатар келе жатырмыз. Робототехниканың кейбір салаларында біз тіпті алдамыз. Қазақстандық робототехника лигасына қатысушылар әлемдік жарыстарда жоғары марапаттарға ие болды, бұл халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігімізді дәлелдейді. Бұл біздің еліміздің осы бағытта белсенді дамып келе жатқанының және одан әрі ілгерілеу үшін зор әлеуеттің бар екендігінің айқын дәлелі. Біз болашақта робототехника саласында көшбасшы болу үшін технологияларымыз бен дағдыларымызды жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз, – дейді Раушанбек Сариев. Робототехника – инновациялар мен жұмыс орындарын құру үшін орасан зор әлеуеті бар сала. Бұл бізден жаңа технологияларды үйренуге, бейімделуге және инновацияларға дайын болуды талап етеді, бірақ оның орнына өмір мен жұмыс сапасын жақсартуды ұсынады. Сарапшылар пікірін ескере отырып, робототехниканың болашағы жарқын және бәріміз үшін мүмкіндіктерге толы деп айтуға болады.
Халықаралық робототехника федерациясының (IFR) 2021 жылға жасаған қорытындысына сай әлем бойынша өндірісте қолданылып жатқан роботтардың саны 3 миллион 477 мыңға жетті. Роботты қолдану көбейген сайын оны құрастыратын маманға сұраныс артты. Осыған орай арнайы маман әзірлеу мақсатында робототехника курсы білім беру саласына енгізіліп, оқытыла бастады. АҚШ пен Еуропада робототехника «Жобалық оқыту» тұжырымдамасына негізделіп XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап робототехника мектепке бірте-бірте енгізілді. Ал Қазақстанда 2010 жылдан бастап білім беру мекемелеріне енгізіле бастады. 2019-2020 оқу жылынан бастап «Робототехника» 3-4 сыныптарға, 2020-2021 жылы 5 сыныпқа, 2022-2023 оқу жылы 2 cыныпқа еніп, оқытылуда.
Робототехниканың болашағын тереңірек түсіну үшін біз робототехника саласындағы жетекші сарапшы, қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Раушанбек Сариевтің пікіріне жүгіндік.