КЕРЕК ДЕРЕК: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ ӨНІМДЕРІ ӘЗІРЛЕНЕДІ

Yandex Qazaqstan компаниясы қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуге белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Бұл туралы Qaz.AI Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы ұйымдастырған мастер-класс барысында компанияның жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі директоры Александр Крайнов хабарлады.

Оның айтуынша, бұл қадам еліміздің ЖИ саласындағы ұстанымын едәуір күшейтуге және жаңа технологиялардың дамуына ықпал етуге бағытталған.

Qaz.AI қауымдастығы Қазақстандағы технологиялық компанияларды біріктіріп, білім мен тәжірибе алмасу платформасы ретінде қызмет етеді. Қауымдастық құрылған сәттен бастап ЖИ саласындағы ұлттық даму мен операциялық жүйелердегі өзгерістерді реттеумен айналысып келеді. 31 шілде күні Қауымдастық мастер-класс өткізіп, жасанды интеллектіні қоғамда қалай қолдануға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ оқу барысында қатысушылар жасанды интеллектке байланысты түрлі мәселелер мен мүмкіндіктер туралы талқылап,  білімдерін тереңдете түсті.

Кездесу барысында Qaz.AI жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы Yandex Qazaqstan-ның жаңа мүше ретінде қосылғаны туралы хабарлады. Басшылықтың айтуынша, Қазақстанда бұл серіктестік ЖИ енгізуді жылдамдатады. Сондай-ақ саладағы негізгі бастамалар бойынша жұмыстар атқарылады.

«Yandex Qazaqstan-ның  қауымдастыққа қосылғанына қуаныштымыз. Тәжірибелі, ауқымды сараптамасы бар Yandex Qazaqstan сияқты ірі компанияның мүшелік етуі біздің мүмкіндіктерімізді айтарлықтай арттырады. Инновацияларды ілгерілетуге және еліміз үшін негізгі бастамаларды қолдауға көмектесе отырып, Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллектіні дамыту бағытында қызмет етеміз», деді Қазақстандағы ЖИ дамыту қауымдастығының төрағасы Бақытжан Ешмұхамбетов.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *