
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығынан кешіктірмей Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заңның пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, заң жасанды интеллектіні қауіпсіз және этикалық пайдалану үшін көзделген.
«Озық әлемдік тәжірибе негізінде ЖИ технологиясын дамыту мақсатында Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді. Ол этикалық нормаларды қабылдауды, мемлекеттік реттеуді, ЖИ-объектілердің жұмыс істеуінің құқықтық режимін, ЖИ-объектілерді жіктеуді, мемлекеттік қолдау шараларын және ЖИ саласындағы стандарттауды көздейді», деді министр.
Yandex Qazaqstan қазақ тілінде ЖИ-өнімдерін дайындауға инвестиция салып жатыр. Әзірленген жұмыстарын атап өтер болсақ, виртуалды көмекші – Алиса, Іздеу мүмкіндіктері мен үлкен генеративті модельдерді біріктірген Нейро қызметі, ол интернеттегі барлық ақпаратты талдайды. Сондай-ақ ақпараттық дереккөздерді сілтемелермен сыйымды жауапқа жинайды. Белгілі уақыт режимінде жазылған мәтінді аударуға көмектесетін ақылды камераны да атап өтуге болады, іздеу жолағының астында пайда болатын жылдам жауаптар пайдаланушылардың айына 15 мың сағатын үнемдейді. Сондай-ақ видеоны қазақ тіліне аударуға, дыбыстық жолды талдауға және грамматикалық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін Яндекс браузеріндегі видеоның нейрожелілік аудармасы жұмыс істейді.
2024 жылғы шілдеде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Құжат экономиканың әртүрлі салаларына ЖИ технологияларын енгізуді және 2029 жылға қарай ЖИ өнімдерінің санын бес есеге арттыруды көздейді. Сонымен қатар білікті мамандарды даярлау үшін ЖИ бойынша білім беру бағдарламаларын кеңейту және экономикада мультипликативтік әсер жасау үшін отандық компаниялардың қажеттіліктерін есепке алу жоспарда бар.
Бұл бастамаларды Qaz.AI қауымдастығы Yandex Qazaqstan қызметінің қолдауымен жүзеге асырмақ. Қазақстанға жасанды интеллект саласында көшбасшы позицияларды алуға және ұлттық инновациялық экожүйені нығайтуға көмектеседі.