ТҮРКІСТАН: ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ КИБЕР САЛАҒА КӨШУДЕ

Есірткі бизнесі де толығымен кибер салаға көшті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі мәлімдеді.

Қазір жоғары технологиялардың нағыз дамыған заманы. Есірткі бизнесі де толығымен кибер салаға көшті. Есірткіні «телеграм-боттар» немесе басқа да интернет-ресурстар арқылы сату кеңінен тарап жатыр. Мысалы, биыл тіркелген әрбір жетінші есірткі қылмысы – интернет арқылы сатумен байланысты. Әрине, біз мұндай инкогнито интернет-дүкендерді жауып жатырмыз, — деді ол.

Министрдің айтуынша, есірткі саудалайтын 604 есірткі сайт жабылған.

Алайда бұл шара мәселені түбегейлі шешпейді. Өйткені, жаңа сайттарды ашу – тез. Ал оны анықтау – ұзақ. Ұйымдастырушыларды анықтау – одан да күрделі. Себебі, олар шетелдерде орналасқан. Мұндай заңсыз «контентті» тоқтату үшін, заманауи аппараттық-бағдарламалық жабдықтар қажет, — деді.

Министр кешенді жоспарда бағдарламалық құралмен қамтамасыз етуді көздеп отырғанын айтты.

Олар – әлеуметтік желілер немесе сайттар арқылы есірткінің таралуын анықтауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Кибернадзор» жүйесі – сайттар ашылса, оларды онлайн түрде бұғаттайды. Яғни,  жасанды интеллект өзі анықтап, дереу тосқауыл қояды. Сонымен қатар, сайтты ұйымдастыратын және оны пайдаланатын адамдарды анықтауға мүмкіндік болады, — деді ведомства басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы тоғыз айда 18 мыңнан астам ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы тіркелген. 2024 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанда киберқауіпсіздік саласында көрсетілген қызмет көлемі 7,5 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 2 есе көп.

Кәсіпорын көлемі бойынша шағын компаниялар ең көп қызмет көрсетті: 4,9 млрд теңге. Ірі компаниялар 2,6 млрд теңгенің, бір жылда 36% көбейген; орта кәсіпорындар небәрі 4,1 млн теңгенің қызметін көрсетті.

Меншік түрлері бойынша жеке компаниялар 4,9 млрд теңгенің, мемлекеттік кәсіпорындар 2,6 млрд теңгенің қызметін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *