
Бүгінгі қоғамда Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Дрю Хьюстон, Элон Маск және Джек Дорси есімді аты әлемге танымал миллиардерлер бағдарламалау саласындағы мансабын хакер болудан бастағаны белгілі. Олар сол мүмкіндіктерімен де байып кете алатын еді. Бірақ «ақ» хакер болуды таңдаған. Оған не түрткі болды екен десек.
Осы мәселеге орай өз ойымен Димитри ван де Гиссен (Dimitri van de Giessen) есімді голландиялық киберқауіпсіздік маманы бөлісті.
– Жас кезіңізде «хакер» атауы сізге үлкен құлшыныс беруі мүмкін. Бірақ оның жақсылыққа алып келмейтінін түсіну үшін бір рет қателік жіберсеңіз жеткілікті. Сондықтан қалыптасқан жүйеге, заңға қарсы шықпай-ақ сол ақшаны табуға болатынын ертерек түсінген жөн, – дейді Димитри.
Димитри бала кезінен компьютер ойындарына қызығып, код жазуды үйренген. Кейіннен кибершабуылдар жасауға көшеді. Осыдан 18 жыл бұрын Димитри өтірік домендер ашып, Майкрософт корпорациясының серверлерін бұзады. Сосын Майкрософтқа оның осал тұстары туралы мәлімдейді. Біршама уақыттан кейін Дмитрий тағы да компанияның серверлеріне шабуыл жасайды. Осылай ол америкалық компанияның кибершабуылға дайын емес екенін дәлелдеген болатын.
– Майкрософтқа шабуыл жасаудағы басты мақсатым оның осал тұстарын анықтау болды. Компанияның құпия ақпаратын алуға тырыспадым. Ал мұндай әрекеттерді киберқауіпсіздікпен айналысып-ақ жасай алатынымды түсінгеннен кейін «ақ» хакер болуды шештім, – дейді Димитри.
Олжас Сәтиев те Қазақстандағы киберқауіпсіздік саласына хакерлерді үгіттеу арқылы сұранысқа ие мамандарды дайындау ЦАРКА бірлестігінің басты мақсаты екенін айтады. ЦАРКА мамандарының жыл сайын ұйымдастыратын KazHackStan хакерлердің практикалық конференциясы осы мүддеге ие екені белгілі.