ТҮРКІСТАН: КИБЕРШАБУЫЛДАРДЫ БҰҒАТТАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдалана отырып бұғатталған кибершабуыл саны 13 миллион болған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 3,3 есе аз.

Қазақстандағы мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының желілерінде ботнеттің ең көп таралған түрлері — Аndromeda, Botnet, Mozi.Botnet және Mariposa.Botnet.

Алдыңғы аймен салыстырғанда зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету түріндегі ақпараттық қауіпсіздік фактілері 53,8%-ға азайды. Фактілердің дені жергілікті атқарушы органдарда және квазимемлекеттік секторда тіркелген.

Securitylab-тың мәліметі бойынша, Andromeda 80 түрлі зиянды бағдарламалар тобын қамтитын ең көне және тұрақты ботнеттердің бірі. Ол спам тарату, деректерді ұрлау, DDoS шабуылдары және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылады. 2017 жылдың желтоқсанда бірнеше елдің қауіпсіздік мамандары мен құқық қорғау органдарының бірлескен операциясының нәтижесінде ішінара жойылды.

Егер сіз ақпараттық шабуылды байқасаңыз, 1400 нөмірі бойынша (тәулік бойы, тегін), @kz_cert_chat_bot telegram-ботына немесе incident@cert.gov.kz (email) поштасына жазуға болады.

2023 жылы, Statista мәліметінше, барлық жаһандық ұйымдардың 75,7%-ы бопсалаушы бағдарлама шабуылдарынан зардап шекті. Олардың үлесі жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2018 жылы тек 55,1% ұйымдар зардап шекті, 2019 жылы 56,1% болса, 2020 жылы — 62,4%, 2021 жылы — 68,5%, 2022 жылы — 71%.

Шабуылдардан көбіне үкімет, өндіріс және кәсіби секторлар зардап шегеді.

Қарапайым азаматтарға келетін болсақ, AAG мәліметінше, жыл сайын шамамен 1 млрд электрондық пошта бұзылады, бұл әрбір бесінші интернет пайдаланушысына әсер етеді. 2001 жылдан 2022 жылға дейін зардап шеккендердің саны сағатына 6-дан 97-ге дейін өсті. 2024 жылы Facebook iOS және Android үшін мобильді пайдаланушыларға кіру тіркелгі деректерін ұрлауға бағытталған 400-ден астам зиянды қолданбаларды тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *