ТҮРКІСТАН: КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАМАУ ҚҰРДЫМҒА СОҚТЫРАДЫ

Былтыр қазақстандықтар киберқауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан жалпы көлемі 80 млрд теңге қаржысынан айырылды. Бұл туралы сала сарапшысы Медет Турин айтты. Осыған байланысты отандық IT мамандары халықтың қаржылық сауатын арттыратын бейнероликтер мен ойын форматындағы бірнеше қосымша бағдарламалар шығарып жатыр.

Медет Турин, киберқауіпсіздік сарапшысы: — Былтырғы шығынды ескеріп, кибершабуылдың 10 процентіне төтеп бере алсақ, шамамен 8 млрд теңгемізді сақтап қалар едік. Ұсынып жатқан жобамыз азаматтардың небары 15 минут уақытын алар. Бірақ осы аралықта олар өздеріне қажетті 15 сабақ пен пайдалы кеңес алып үлгереді. Кеткен ақшаны қайтару қиын. Сондықтан салдарымен емес, себебімен күресуіміз керек. Медет Туриннің айтуынша, көбі күдік тудыратын сілтемелерге өтіп қана қоймай, белгісіз онлайн-сауда платформаларына айлығы немесе тұрақты табысы түсетін карточкасын бекітіп қояды. Сайтты хакерлер бұзған жағдайда, жеке деректері мен құпия номерлері көрінгеннің қолында кетеді. Мұның алдын алу үшін ақшаны онлайн депозитте немесе виртуалды карточкада сақтаған жөн.  Шалғай ауылдардың өзінде ойын баласынан бастап, еңкейген қарияға дейін әлеуметтік желі мен банк қосымшаларын жиі пайдаланады. Онлайн аударымдар жасайды. Бірақ «жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші салдары мен тәуекелдерін ойламайды. Біздің мақсатымыз —  пайдалы ақпаратты қарапайым халыққа қарапайым тілде жеткізу. Көбіне компьютерлерге зиянды бағдарламалар орнатады. Жалған банктерден немесе басқа провайдерлерден хабарлама келіп, QR-код арқылы өтуді сұрайды. Несиелік карталардың құпия сандарын осылай біліп алады.

Қаныш Ашжанов, ҚР ІІМ КПД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

— Жыл басынан бастап 3 мың 645 қылмыстық іс тіркелді. Бұл нақты интернет-алаяқтық бойынша. Ең көп тараған түрі, бұл онлайн несие, онлайн-сауда, инвестиция және сілтеме. «Фишинг» дейміз ғой енді және полиция немесе банк-қызметкерлері ретінде өздерін таныстыру. Кибершабуылдан қорғану тетігі әзірге әлсіз. Парламент ақпараттық қауіпсіздікке қатысты заңды күшейтуді көздеп отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *