ТҮРКІСТАН: НЕСИЕ АЛҒАНДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?  — 2

Қаржы менеджері несие алушыдан берекшекті аннуитет жолмен кесте бойынша төлейсіз бе әлде тең бөліп төлеуді таңдайсыз ба деп сұрайды. Тұтынушы тең бөліп төлеуді таңдаған дұрыс. Аннуитеттік жолды таңдағандар ұтылады. Әрине ол әдемі кесте болып тұрады. Бір сомма. Шартты түрде 1 миллион теңге алған болсаңыз ай сайын 50 мың төлейсіз дегендей. Көпшілік осы тәртіпті ыңғай көреді. Ал тең төлемде 65 мың теңгеден басталып әр ай сайын 500-1000 тг кеміп отырады. Әр айда қанша төлеу керек. Оны бақылауға аласыз. Бұл тәртіп көп адамдарға қолайсыз көрініп, бірден аннуитеттік тәртіп бойынша төлем жасауды таңдайды. Бірақ бұл жерде азаматтар ұтылады. Өйткені аннуитеттік жолда көп жағдайда пайыз жоғары болады және артық ақша төленеді. Мұнда ескерілетін келесі маңызды мәселе — аннуитеттік тәртіпте бірінші пайыздар төленеді, кейіннен негізгі қарыз өтеледі. Ал тең бөліп төлеу аты айтып тұрғандай төленген қаражаттың жартысы негізгі қарызды, жартысы пайызды жабады. Мәселен, шартты түрде 1 миллион алған азамат 1 жыл бойы төлем жасайды. 1 жылдан кейін кредитімді толық жауып тастайыншы деп қараса әлі 1 млн жуық қарызы бар болып тұрады. Мұндайда ол 1 жыл бойы банктің пайызын төлеген болып шығады. Тең бөліп төлегенде негізгі қаржы 1 жылдан кейін барып төлеу керек болса, мысалы 30 мың теңгеден негізгі қаржы жабылса 300 мың теңгеге негізгі қаржы кемиді.

Сақтандыруды сұраңыз.

Дамыған мемлекеттерде несие беретін банк бірнеше сақтандыру компаниясын альтернатив ретінде ұсынады. «Мысалы мына компаниядан сақтандыру алсаңыз мынанша пайыз аз төлейсіз, кепілдендірілген, мына компанияда пайызы жоғары, репутатциясы жақсы деген секілді балама ұсынады». Бізде олай емес. Біздегі сақтандыру компаниялары, банктердің еншілес компаниялары болады. Олар несие алушыдан сұрамай автоматты түрде сол компанияны тіркеп жібереді. Тұтынушы осындай құқықтық, қаржылық тәртіптерді біле жүрсе артық шығынсыз несиесін өтеп, төлем қабілеті төмендемей қарыздан құтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *