ЦИФРЛАНДЫРУ: ИНТЕР­НЕТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ­ҒА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАР ЖАСАЛУДА

Мәжілісте «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­намалық акті­леріне байланыс, цифрландыру және ақ­па­раттандыру саласындағы ин­вес­тициялық ахуалды жақсарту мәсе­ле­­л­ері бойынша өзгерістер мен толық­тыру­­лар енгізу туралы» заң жобасы ма­құл­­­данды. Осыған орай цифрландыру саласы бойынша сала мамандарының пікірін Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмын. Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының аға ғылыми қызметкері, Ph.D Серға­зы Нарынов Starlink спутник­тік жүйе­сін енгізу үшін заңнамаға өзге­рістер енгізу – елімізде интер­нет инфрақұрылы­мын мо­дер­ни­зациялау және дамыту­ға бағытталған маңызды қадам еке­нін айтады. Бұл Қазақстанның алыс және қолжетімсіз аймақтарын­да жоғары жылдамдықты интер­нетке қол жеткізу мәселесін ше­шуге мүмкіндік береді. Дерек­тер­дің қауіпсіздігі туралы алаң­дау­шылықтар, әри­не заңды. Ол үшін SpaceX сияқ­ты халықаралық ком­па­ниялар­мен ынтымақтастық нақты қауіп­сіздік стандарттары және шарт­тарымен қатар жүруге тиіс. Мем­ле­­кет­тік реттеуші органдардың бар­лық нарық қатысушылары үшін тең жағ­дайларды қамтамасыз етуі ­және анти­конкуренттік мінез-құл­қы­­ның алдын алуы маңызды. Бас­ты мә­селе – инновацияларды ынта­лан­­дыру және бір мезгілде тұты­ну­­шы­­лар­дың мүдделерін қор­ғауға ықпал ететін тиімді реттеуші орта құра білу.

«Телекоммуникация нары­ғын­дағы монополияны жою және бә­секе­лестікті енгізу еліміздегі интернет қызметтерінің сапасын айтарлықтай жақсарта алады. Бұл мақсатта Star­link сияқты спут­никтік интернет про­вайдер­лері сияқты баламалы интер­нет ұсы­нушыларды енгізу және қолдау, жеке компанияларға мемлекет­тік инфрақұрылымға бәсекелестік негіз­дерде қол жеткізу мүмкіндігін қам­та­масыз ету, нарықта әділ бәсе­келестікті қамтамасыз ететін заң­на­малық және нормативтік базаны енгізу сияқты бірнеше тәсіл­ді қолдануға болады. Соны­мен қатар, алыс аудандардағы инфра­құрылымды дамытуға назар аудару маңызды. Бұл мемлекеттік субсидиялар немесе осы аймақтарға инвестицияларды ынталандыруы мүмкін», дейді сарапшы.

Қазіргі уақытта OneWeb, CS ком­паниялары төл жерсеріктері негі­зінде ұқсас қызметтерді көрсе­туге дайын. Әзір­ге шетелдік опе­ра­торлардың жұ­мысы ұлт­тық заңнамадан тысқары жатыр. Сарап­шылар Парламент қол­даныстағы заңнаманы өзгертіп, ел ішіндегі операторлармен бірге бар­лығын бөліп-жармай, бірдей қол­жетімділік пен тең жағдайлар туғызған жағдайда ғана бәсекелестік орта қалыптасады деген пікірде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *