КЕРЕК КЕҢЕС: EGOV.KZ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК БОЙЫНША 9 ҚЫЗМЕТТІ ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ

Қазақстан азаматтары көп жағдайда жылжымайтын мүлігін онлайн тіркейді. Өткен жылмен салыстырғанда «Blockchain» технологиясы арқылы жасалатын мәмілелер саны 2,5 есеге артты. 2024 жылдың бірінші тоқсанында осы бағытта шамамен 25 мың операция орындалды. Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы кепілді (қайта кепілге қоюды) және оның тоқтатылуын онлайн режимде тіркеуге болады. Айта кетейік, бұл қызмет Астана, Алматы және Түркістан мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды және Алматы облыстарында сұранысқа ие. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындарының назарына «Керек кеңес» айдары арқылы маңызды ақпараттарды ұсынып отырмыз.

Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді және шарт талаптарының өзгеруін тіркеу мүмкіндігін іске асырды. Бұған қоса, тұрғын емес үй-жайларды кепілді тіркеу де қолжетімді.

Blockchain технологиясы банктердің жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы несие беру кезіндегі несиелерді онлайн рәсімдеуді жеңілдетеді, шығындарды азайтады және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартады. Осы әдіс пәтерді бұрынғыдай 3 күнде емес 1 сағатта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Енді клиенттер жылжымайтын мүлікінің тіркелгенін растайтын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға бармай, мемлекеттік қызметтің нәтижесіне egov.kz порталындағы жеке кабинетінен ала алады.

Бұл пилоттық жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткен жылдың шілде айында екінші деңгейлі банктермен бірлесіп («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, «Отбасы банк» АҚ) іске қосқан болатын.

Айта кетейік, азаматтарға арналған үкімет egov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлік бойынша тағы 9 қызметті онлайн алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *