ЦИФРЛАНДЫРУ: МИНИСТРЛІК ӨҢІРЛЕРДІ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бар­лық өңірді сапалы интернетпен қамтуға баса мән беріп отыр. «Цифрлық теңсіздікті» жою – маңызды. Сол себепті де халық аз қоныстанған аймақтарға кең жолақты интернет қолжетімділігін ұсыну жөніндегі жобалар көптеп іске асырылып жатыр. Экономикалық әлеуетті арттыру мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Қазақстанның әрбір тұрғынын 100 Мбит/с-дан интернетпен қамтамасыз ету мақсаты тұр. Осы орайда өңірдің даму жайында маңызды мағлұматтарды «Керек дерек» айдары арқылы Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.

Нақты іске келсек, 176 ауыл абоненттік қолжетімділік технологиясы ретінде «Wi-Fi Hotspot» желісіне қосылды. Осы ауыл­дарда кеңжолақты қолжетімділік қызметтерімен 17 мыңнан аса адам қам­тылды. Қазақстанның ғарыш саласын дамыту тұжырымдамасында еліміздің мүддесі үшін 328 ауылды кеңжолақты интернетке қосу міндеті бар. Ол үшін қазіргі заманғы кеңжо­лақты геостационарлық емес байланыс же­лі­лерінің шешімдерін дамыту қажет. Осы­ған байланысты «Көктерек» ОКЖ аума­ғында «OneWeb» геостационарлық емес байланыс желісін қосатын станса құру жұмыстары аяқталып қалды. Ком­мер­циялық қызметтерді ұсынуға техни­калық дайындық биылға жоспар­лан­ған.

«Ghalam» және ҚҒС алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – СбИК — кешенінің барлық инфрақұрылы­мы­н алдағы жобаларға сақадай сай ету. СбИК дегеніміз – Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені. Осы жолда «Ghalam» СбИК операциялық біліктілігі бойынша бірқатар тапсырманы сәтті орындады. Бұл – француз мамандарымен бірлесіп жүргізілген жүйелік-антенналық полигонның сынақ учаске­сін орнатудағы техникалық персонал­дың да, технологиялық жабдықтың да дайын­дығының көрсеткіші. Сондай-ақ «Airbus D&S» компаниясымен бірлескен жұмыстардың қорытындысы бойынша 2023 жылы СбИК кешені өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *