КЕРЕК КЕҢЕС: ҒАРЫШ САЛАСЫН ИГЕРУ – ЗАМАН ИГІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛЫ

Қазіргі таңда интернет сапасын арттыру мақсатында «BAIKONUR» мобиль­ді­ қосымшасының көмегімен тестілік режім­де «Kazakhturism» өкіл­де­ріне «Зенит-М-ға» баруға рұқсат берілді. Бола­шақта «Байқоңыр» кеше­нінің бар­лық объек­тісіне, зымыран тасығышты ­да­йын­дау және ұшыру кезінде қосылған объек­ті­лер­ді қоспағанда, осы мобильді қосымшаның көмегімен жіберу жоспарланып отыр. Интернет сапасын жақсарту — күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы ғарыш саласын игерудің тиімділігі жөнінде өңір тұрғындарына танымдық һәм ақпараттық мақаламызды ұсынып отырмыз.

Сондай-ақ, орта ажыратымдылықтағы Жер­ді қашықтан зондтау спутниктерінің топтамасын құру жобасы қолға алынды. Жоба агро­культуралық сектордың, төтенше жағ­дайлардың, сондай-ақ табиғи ресурс­тарды пайдаланудың мониторингі бағы­тындағы мәселелерді шешуге бағытталды. Былтыр «JerInSpectr» және «Minerals.gov.kz» цифрлық платформалары ком­мер­ция­лық пайдалануға берілді. Цифр­лық платформаларды енгізу бойынша жос­пар­дың орындалуы 40 пайызды құра­ды.

Өткен жылы В.Г.Фесенков атын­да­­ғы Астрофизика институтында ас­тро­­но­миялық зерттеу хабын құру бо­йын­­ша маңызды жоба іске асырыла бас­тады. АстроХаб – Ассы-Түрген обсер­­ваториясындағы отандық және халық­ара­лық оптикалық телескоптарды, жерге жақын ғарыш кеңістігін мониторингтеу кешендерін, жердегі обсер­ватория­лар үшін оптикалық-механи­ка­лық аспап жасауда құзыреттілігі өсуін қамтамасыз ететін бақылаулар деректерін жинау­дың, талдаудың, сақтаудың аппа­рат­тық-бағдарламалық құралдарын бай­ла­ныстыратын бірыңғай экожүйе. Осы жұмыстардың бәрі ғарыш саласын игеру­­дің, кеңжолақты интернет игілігіне жету­дің – басы.

Сондай-ақ Цифрлық даму министрлігі Қол­жетімді интернет» жобасын іске асыр­мақ. Қазір қолданыстағы заңнамаға және қаржы тетіктеріне өзгерістер енгізіліп жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *