КЕРЕК КЕҢЕС: «ЯНДЕКС» ҚОСЫМШАСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СҰРАҚ ҚОЮҒА БОЛАДЫ

Енді «Яндекс» қосымшасында қазақ тілінде дауыстап сұрақ қоюға болады. Смартфонда ­дауыстап сұрақ қою мәтін теруден гөрі ыңғайлы. Қарым-қатынас тілін алдын ала таңдаудың қажеті жоқ. «Яндекс» тіпті орыс және қазақ тілдерін араластырып айтса да түсінеді. Ол үшін тек қолданбаның іздеу жолағындағы микрофон белгішесін басу керек. Дыбыстық сұрауларды тану үшін «Яндекс» қазақ тіліне бейімделген «SpeechKit» технология­сын қолданады. Яғни дауыс мәтінге аударылады, содан кейін іздеуге жіберіледі. Нәтижесінде, қолданушы сұрақты қолмен жазғандай жауап алады. Қазақ тіліндегі сұрау салулар бойынша қолданушылар мемлекеттік тілдегі деректерді ғана емес, сонымен қатар ағылшын, орыс тіліндегі ақпараттардың да аударылған нұсқасын көреді. Осы жөнінде «Керек кеңес» айдары арқылы Түркістан облысының тұрғындарының назарына танымдық ақпаратты ұсынып отырмыз.

«Біз қазақ тіліндегі іздеу жұ­мыстарын жос­парлы түр­де жасап, әлі де дамыта тү­семіз. Бұл мүм­кіндік желі қол­да­ну­шыларына ың­ғайлы және қазақ тілінің дамуына ықпал етеді», дейді Қазақстандағы қосым­ша­ның аға менеджері Алмаз Сәденов.

Статистикаға сүйенсек, елі­мізде нау­рыз айында 12 млн-нан астам адам «Яндекс» қосым­шасын қолданған. Бұдан былай оның қазақша жазып, қазақша түсінетіні – жақсы жаңалық. Бірақ мәселе – оның қалай сөйлейтінінде. Егер желі қолданушылары мемлекеттік тілде көбірек әрі сапалы сұрақтар қойса, қосымшаның да қазақшасы дами түспек.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ тіліндегі «Яндекс Карты» навигациялық қосымшасы барша отандастарымыз үшін қолжетімді болған еді. Топонимдер және ұйым атауларымен қоса, қосымшаның толық интерфейсі де қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ бағыт ұстануға көмектесетін дыбыстық кеңестер де аударылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *