
Бүгінгі таңда нейро желілер адам өмірін жеңілдетуде орасан зор үлес қосуда. Сонымен қатар нейро желілердің пайдалы тұстары да жетерлік. Бастысы, пайдалы промпт үлгілерін білсеңіз болғаны. Промпт деген — нейрон желісіне тапсырма ретінде беретін сұраныс. «Керек дерек» айдары арқылы түркістандық тұрғындардың назарына күнделікті қолданысқа керек болатын қаражатқа қатысты промпттарды тізіп шықтық.
Қаражатқа қатысты промпттар:
- Ақша жинауды үйренуге болады. Айына [сома] ақша табамын. Содан ай сайын [сома] жинап отырғым келеді. Ай сайын төлейтін міндетті шығындарым — [сома]. [Шығын түрін жазыңыз]-ден үнемдей алмаймын. Оған ай сайын [сома] кетеді. Тұрақты түрде ақша жинауға көмектесетін кеңестер тізімін дайындап бер.
- Бюджетті жоспарлай аласыз. Маған [мерзімін көрсетіңіз] ішінде ақша жинау үшін бюджетімді жоспарлауым керек. Мақсатым мынадай: [сипаттап беріңіз].
- Қарыздан құтылуға көмектеседі. Қарыздарды азайту үшін стратегия құруым керек. Өзімнің жағдайыма қатысты контекст айтамын. Сен маған жасау керек амалдар жоспарын дайындап бер. Айлық табысым — [сома]. Қазіргі қарызымның көлемі — [сома]. Ай сайынғы міндетті шығындарым — [сома]. Өзге де шығындарым — [сома].
- Қор жинауды үйретеді. Алда болып қалуы мүмкін форс-мажорларда қиналып қалмас үшін қор жинауы керек. Соны есептеуге көмектес. Сосын [мерзім] ішінде сол мақсатқа жетуіме көмектесетін жоспар дайында. Есептеп, жоспарлауға керек мәліметтер алу үшін маған кез келген сұрақ қоя берсең болады.
- Қаржы құралдарын түсіндіреді. Мен кредит картасын рәсімдесем деймін. Бірақ оның қалай жұмыс істейтінін онша түсінбеймін. Баланың өзіне түсінікті болатындай жеңіл тілмен түсіндіріп бер. Сосын менің білуім керек басты терминдерді сипаттап шық.
- Кіріс пен шығындар кестесін дайындайды. Мен тапқан табысым мен кететін шығындарымды басқарып үйренгім келеді. Қажетімді ескере отырып, бюджет жүргізуге көмектесетін кесте дайындап бер. Оның ішінде мыналар болсын: табыс көзі [тізіп шығыңыз] мен шығындар [тізіп шығыңыз].