
Бүгінгі таңда әр салада жасанды интеллект адам еңбегін алмастырып, жұмысын жеңілдетіп келеді. Әйгілі Илон Маск сұхбатында жасанды интеллектің келешекте адамзатқа қауіпті екенін айтқан болатын. Дегенмен нейрожелілер мамандардың орнын бүгін-ертең ауыстыруы мүмкін бе? Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы ChatGPT-ге арналған саяхатқа керек болатын сұраныстарды Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.
Саяхатқа керек болатын сұраныстар:
- Шабадан жинауға көмектеседі. Мен [мерзім] уақытқа [баратын жеріңіз] бара жатырмы. Маған осы күндері [ауа-райы, температура, жаңбыр, қар сияқты жағдайды көрсетіңіз] болатынын ескеріп, қажет болатын заттар тізімін дайындап бер. Мен [көлік түрі] барамын. Өзіммен бірге [жүкке қатысты қандай шектеу барын жазыңыз, қанша сөмке, қанша келі] ала аламын. Киім мен тазалыққа керек заттардан бөлек, міндетті түрде қажет болатын құжат, ақша, техника сияқты дүниелерді де ұмытпа.
- Сапар бюджетін жоспарлап береді. Мен [мерзімі] [баратын жеріңіз] бара жатырмын. Маған санаттар бойынша сапарға кететін бюджетті есептеуге көмектес. Мен максимум [сома] жұмсай аламын. Қалауым мен бюджетіме сүйене отырып кесте дайындап бер. Сонымен бірге жолда үнемдеуге көмектесетін кеңестер қос.
- Демалысқа қашан шығуға болатынын сұрасаңыз болады. Мен [қала] демалысқа барсам деймін. Көп турист баратын кезге тап болғым келмейді. Саяхатқа шығуға ең қолайлы кезді айтып бер. Сонымен бірге күн суықтау кезде қай жерлерге баруға болатынын тізім қылып дайында. Мен [қызығушылыңызды жазыңыз. Мысалы балық аулақ дегендей] жақсы көремін. Сапар [күн саны] күн жалғасады.
- Туристерге арналған маршрут құрып береді. Мен [мерзім] [ел] бара жатырмын. Мына жерден [қайдан шығатыныңызды жазыңыз] шығамын. Барынша [не көргіңіз келетінін тізіп шығыңыз] көрсем деймін. Қызығушылықтарымды [тізіп шығыңыз] ескере отырып оңтайлы маршрут құрып бер. [мезгіл] [қандай көлікпен шығасыз] шығамын деп отырмын.
- Гид қызметін көрсетді. Өзіңді туризм экспертімін деп елестет. Мен сенің клиентіңмін. [қала] жерге [ай не маусымды жазыңыз] [локацияларды тізіңіз] барғым келеді. Сапарды [күн] [қай жерден шығасыз] бастаймын да, [қала] мына жерден аяқтаймын. Осы аралықта қайда барып, не көрсем болады — тізім дайындап бер.
- Үй табуға көмектеседі. Мен [қала] [ай не маусым] баруды жоспарлап отырмын. Баспанаға күніне [сома] қаражатым бар. Маған осы бюджетке сай келетін қонақүйлер мен Airbnb-де жалға берілетін пәтер тізімін жасап бер.