КЕРЕК КЕҢЕС: НЕЙРОЖЕЛІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ

Қазір нейрожелілерді қолдану сәнге айналып отыр. Мысалы, мұғалімдер сабақ түсіндіргенде, студенттер дипломдық жұмыстарын жазғанда соны қолдана алады. Біз оны қандай да бір жұмыс жүргізгенде көмекші ретінде қолданамыз. Құжаттарды өңдейміз, суреттер жасаймыз. Дегенмен көбі оның пайдасынан зияны көп деп ойлайды.  Ол адамзатқа қауіпті деген ойлар да бар. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Өйткені нейрожелілерді болашақта бизнес ассистент ретінде қолдануға болады. Яғни уақыт үнемдеудің арқасында, басқа да көп нәрсені үлгеруге болады. Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы ChatGPT-ге арналған оқуға керек сұраныстарды Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.

Оқуға керек сұраныстар:

  • Жаңа тақырыпты түсіндіреді. Өзіңді мұғаліммін деп есепте. [тақырып] маған жеңіл әрі түсінікті тілде түсіндіріп бер. Одан соң [сұрақ саны] сұрақтан тұратын тест жасап бер. Бірақ жауабын көрсетпе. Жауап берген соң дұрыс па, қате ме айтасың.
  • Материалды меңгеруге көмектеседі. Емтиханға дайындалған кезде есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектесетін 10 тәсіл тауып бер.
  • Терминдердің мағынасын тауып береді. Өзіңді бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғаліммін деп есепте. Маған [тақырып] туралы жеті жасар бала да түсінетіндей етіп түсіндір. Тақырыпқа қатысты терминдерді айтып, әрқайсысын жеке түсіндіріп шық.
  • Есеп шығаруға көмектеседі. [есеп түрі] шешу үлгісін көрсет.
  • Үй жұмысын тексереді. Жазған шығармамды тексеріп шық. Ішінде грамматикалық, басқа да қателер бар ма — тексеріп бер. Қате болса, түзеп қайта жазып бер. Шығарма жазу стилін өзгертпе, жаңа абзацтар қоспа.
  • Тіл үйренуге көмектеседі. Жаңа сөздер жаттағыңыз келсе, [тақырып] [тіл] сөздер тізімін дайындап бер.
  • Тіл үйренгенде жаттығуға көмектеседі. Мен қазір саған бірнеше сөз жіберемін. Жаңа үйренген сөздерімді қалай жаттағанымды тексергім келеді. Ол үшін жіберген сөздерімді бір-бірден [1-тіл] жібер. Мен [2-тіл] жауап беріп отырамын. Қателессем, жауабын айтпа. Бірақ көмектесетін сөздер айтып, сұрақты қайта қой.
  • Сөздердің мағынасын үйретеді. Маған [сөз не фразалар] [тіл] қалай аударуға болатынын бірнеше нұсқада ұсын. Мағынасында қандай айырмашылық барын түсіндір.
  • Сөйлесуге болады. Мен [тіл] үйренгім келеді. Сол үшін сен менің сол тілде сөйлейтін досым бол. Менімен тек [тіл] сөйлес. Жауаптарың тым ұазқ болмасын. Әрі кетсе 50 сөзден тұрсын. Сұрақтар қойып отыр. Алдымен [тақырып] бастайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *