
Нейрожелілер кез келген ақпаратты қабылдап, оны өңдеуге қауқарлы. Нәтижесінде бірегей бейнероликтер мен суреттер пайда болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл жүйе кәсіби мамандарды алмастырады. Заманауи технологиялар біздің тұрмыс-тіршілігімізді жеңілдеткенімен, оның кері тұстары да жеткілікті екен. Қазір нейрондық желілер кез келген салада қолданылады. Олар біздің ұялы телефонымызға немесе мобильді қосымшаларларға жүктелген. Тіпті қала көшелеріндегі бейнебақылау камералары да адамның түрін нейрожелі арқылы тани алады. Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы ChatGPT-ге арналған контентмейкерлерге керек болатын сұраныстарды Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.
Контентмейкерлерге керек промпттар:
- Контент-жоспар дайындайды. Өзіңді тәжірибелі контентмейкер сияқты ұста. Әлеуметтік желілерге арналған [компания, блог] атынан [тақырып] туралы жазбалар жоспарын жасап бер.
- Гайд жазып береді. Өзіңді аудиторияға жаңа нәрсе үйрететін мықты экспертпін деп есепте. [тапсырма] істеу үшін толық әрі түсінікті нұсқаулық жасап бер.
- Тақырыпқа сай посттар жазады. Өзіңді креатив автормын деп ойла. [тақырып] туралы блогқа арналған жазба жазып бер.
- Жарнама ролигіне арналған сценарий құрады. Сен — жарнама саласындағы экспертсің. YouTube-ке арналған екі минуттық видеоға сценарий жазуың керек. [тауар, қызмет, функция] жарнамалайсың. Өнімді жақсырақ түсіну үшін кез келген сұрақ қоя бер.
- Кейс-стади жазады. Сен — креатив агенттікте істейтін тәжірибелі мамансың. [кейстің жалпы сипаттамасы] туралы кейс-стади жазып бер. Бірінші құрылымын жаса. Тапсырма мен кейсті жақсырақ түсіну үшін сұрақ қойып отырсаң болады.
- Мәтінді SEO-ға сай оңтайландырып береді. [тақырып] туралы ұзақтығы 90 символдан аспайтын 10 мақалаға тақырып тауып бер.