ТҮРКІСТАН: САНДЫҚ ЖОБАЛАР САН САЛАДА

Жалпы, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысқа 2025-2027 жылдары 950 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсауды көздеп отыр. Бұл туралы министрліктің 3 жылдық бюджеті туралы ақпаратта айтылған.

Нақты айтсақ, «мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды қамтамасыз ету» тармағына 2025 жылы 372 млрд 807 млн 559 мың теңге, 2026 жылға 284 млрд 193 млн 967 мың теңге 284 млрд 651 млн 954 мың теңге бөлу көзделген.

Сондай-ақ, құжатта 2025 жылы таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеу үшін 429,9 млн теңге жұмсалатыны айтылған.

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскерге шақыру туралы Президент Жарлығын іске асыру барысында Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

– Облыстармен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға жатпайтын 18-27 жас аралығындағы 41 706 ер азаматты әскерге шақыру, әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз ету тапсырылды, – делінген құжатта.

Сонымен қатар әскерге шақыру маусымына бірнеше құзырлы мемлекеттік органдар қатысады. Атап айтқанда Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және жеткізуде полиция қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін жүзеге асырады.

Көлік министрлігі запасқа шығарылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *