ТҮРКІСТАН: САНДЫҚ ЖОБАЛАР ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА ЕНУДЕ — 2

Қорғаныс министрілігі, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ запасқа шығарылған әскери қызметшілерді тасымалдаушыларды республикалық бюджетте көзделген қаражат шоттары негізінде тасымалдауға арналған шығынды өтейді.

Айта кетсек, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады.

Осы ретте былтыр Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев отандық әскер саласында енгізіліп жатқан цифрлық жобалар туралы айтқан болатын.

«Күзгі әскерге шақыру бойынша 400 мыңнан астам адам міндетін өтеуді кейінге қалдырды. Ал көктемгі әскерге шақырумен қоссақ барлығы 700 мың адам әскери міндетін өтеу кейінге қалдырылды. Олардың қатарында студенттер, мүгедек жандар, үйленген, балалары бар азаматтар бар. Одан бөлек, депутаттар мен дін қызметшілердің де әскери міндетін өтеуді кейінге қалдыру құқығы бар, бірақ олардың саны аз», – деген еді Дархан Ахмадиев елордада өткен Digital army day іс-шарасы барысында.

Оның айтуынша, депутаттар мен дін қызметшілері әскери міндетін өтеуді кейінге қалдыру процесін eGov порталы арқылы онлайн рәсімдейді.

«Ал әскерге шақырылатын қалған санаттағы азаматтарға бұл қызмет проактивті форматта қолжетімді. Сонымен қатар енді әскерге шақыру sms-хабарлама (1414) арқылы жіберіледі, дегенмен қағаз түрінде әскери шақырту қолданыстан алынбайды, себебі кейбір азаматтардың ұялы телефон нөмірі базада тіркелмеген. Дегенмен алдағы уақытта толықтай цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр», – дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордада Digital army day 2024 іс-шарасы өтті, ол жерде Қорғаныс министрлігінің цифрлық трансформациясы таныстырылды. Сонымен қатар министр әскери бөлімдерде бейнебақылау камераларының саны артатынын айтты.  «Бейнебақылау камералары тәуекелді азайтады, яғни жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Біз (суицид) санын азайту және жою үшін әртүрлі құралдарды қолданып жатырмыз. Бейнебақылау камераларын орнату әскердегі өлім-жітімді бірнеше есе азайтады. Қазір барлық бейнекамераны түгендеу жүргізілуде. Әсіресе жасанды интеллектінің көмегімен жұмыс істейтін бейне бақылау камераларға басымдық беріледі», – деді Дархан Ахмадиев елордада өткен Digital army day іс-шарасы барысында.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *