КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ – АДАМ ӨМІРІН ӨЗГЕРТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯ

Қағаз, баспа ісі, компьютер, жасанды интеллект – адамның өмір сүру салтын, жұмысын, тіпті, ойын ойнау мен жақсы көру секілді сезімдерін де өзгерте алатын революциялық технология. Қазіргі күннің өзінде бұлар біздің өмірімізге біз қабылдаған және біз біле бермейтін өзгерістерді алып келді.

Бүгінгі таңда Facebook, Apple және Google секілді алпауыт компаниялар жасанды интеллектіні дамыту жобаларына миллиардтап ақша салуда. Дегенмен, бүгінде жасанды интеллект туғызатын этикалық проблемалар көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналған. Ғалымдар жасанды интеллектінің моральдық салдары қандай болуы мүмкін екенін, оның адам өміріне қандай қауіп төндіретінін зерттеп әлек. Тіпті, олар жеке өмірдің құпиялығы да жойылатынына қатысты зертетулер жасаған.

«Ғалымдар ғана емес, көптеген адамдар жасанды интеллектінің этикасы туралы іздене бастады. Себебі, көпшілігі отпен ойнап отырғандарын және өрттің тұтануының алдында тұрғанын біледі», — дейді Санта-Клара университетінің Жасанды интеллект этикасы бөлімінің басшысы Брайан Грин.

Жасанды интеллект этикасы саласы негізгі екі категориядан тұрады. Олардың бірі – философиялық және кей жағдайда теологиялық сұрақтар. Мысалы, жасанды интеллект адам тағдырын қалай өзгертеді? Екіншісі – қуатты жасанды интеллектінің адамзат күнделікті тұтынатын тауарларға, яғни, смартфон мен әлеуметтік медиаға әсері.

Бірінші мәселе жалпы жасанды интеллектіге қатысты. Яғни, жасанды нтеллект тек адамның ойын, көзқарасын ғана өзгертпей, кей жағдайда адамның өзін басып озып жатады.

Бүгінде кең танылған сингулярлық сөзі машинаның адамнан да ақылды, адамнан да қуатты бола түсетінін кезеңді сипаттау үшін ойлап табылған. Бұл кезең дәстүрлі діни көзқарастардан алшақ болады және философиялық тұрғыда біз күтпеген салдарға әкелуі мүмкін.
Дегенмен, бұл кезеңге жетпес бұрын, бұл сұрақтардың анық жауабын білмес бұрын біздің жасанды интеллект этикасына тоқталғанымыз жөн болар. Себебі бұл көбіне практикалық проблемалармен байланысты болады. Мысалы, сіздің телефоныңыздағы жасанды интеллект сізге қай уақытта пицца керек екенін біледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *