ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАСТАР IT САЛАСЫН ТАҢДАЙДЫ

Қазақстанның IT саласындағы кадр тапшылығын жою және оны дамыту үшін халықаралық серіктестіктер де маңызды рөл атқарады. Шетелдік компаниялармен бірлескен жобалар, тәжірибе алмасу және білім беру бағдарламалары IT мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға көмектеседі. Әрине, озық технологияны меңгеру үшін шетелде тәжірибе жинақтау маңызды. Барлық жерде бірдей білім аласыз. Дегенмен университетті таңдауға жауапкершілікпен қараған дұрыс. Шетелде IT саланы үйрену арзан емес. Интернетте және әлеуметтік желілерде жарияланған деректерге сәйкес, Австрияда немесе Словакияда IT саласын оқығыңыз келсе, ай сайын 1000 еуро, ал Швейцария немесе Ұлыбританияда білім алу 1300-ден 2000 еуроға дейін тұрады. Егер Еуропада бюджеттік білім алғыңыз келсе, Австрия, Германия және Словакияны таңдаған жөн. Алғашқы екі елде жақсы университетте оқу семестрінің ақысы 750 еуро немесе теңгеге шаққанда 397 800 теңге құрамақ. Қазіргі уақытта шетелде IT технологияларды оқудың қажеттілігі біртіндеп төмендеуде, себебі көптеген университет қос дипломды білім беруге көшті. Бұл жастардың ел ішінде де сапалы білім алатынын білдіреді. Мұндай жүйе студенттерге шетелге шықпай-ақ, халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік береді. Осы ретте елімізде шетелдік оқу орындарымен бірлескен қос дипломдық оқыту жүргізілуде.

Қазақстан IT саласында білікті мамандарды даярлап, оларды әлемдік деңгейде танымал етуді көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін IT саласындағы білім беру жүйесін жетілдіру және оны халықаралық стандарттарға сай ету маңызды. Жастар арасында IT саласына деген қызығушылық артып келеді. Бұл тек қана Қазақстанда емес, әлем бойынша байқалуда. Мысалы, көптеген жас қазақстандық бағдарламалау, желілік инженерия, деректерді талдау және киберқауіпсіздік салаларына қызығушылық артуда.

Қазіргі таңда IT саласы әлем бойынша ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Бұл саланы дамыту үшін оқытудың маңызды екендігі сөзсіз. Балалардың IT саласына деген қызығушылығын мектептен бастап дамыту үшін оқытуға жасанды интеллект, бағдарламалаудың негіздерімен қатар, алгоритмдік ойлауды үйрету маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *