КЕРЕК ДЕРЕК: ӨМІРІМІЗДІ ЦИФРЛЫ ӘЛЕМСІЗ ЕЛЕСТЕТУ МҮМКІН ЕМЕС

Бүгінде күнделікті өмірімізді цифрлы әлемсіз елестету мүмкін емес. Тұрғындар цирфлы құжаттармен жұмыс істеуді тез үйренді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркісібі министрлігінің мәліметіне сүйенсек,  тұрғындар цифрлы құжатты жолға шығарда жиі пайдаланады екен. Ұшақ, пойыз билеттерін цифрлы қызмет арқылы алу бойынша биыл 200 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Сонымен қатар онлайн нотариус қызметін биылдың өзінде 170 мың адам пайдаланған екен.

– Біз проактивті қызметтерді енгізуді бастап кеттік. Бұл – азаматтар өздері тиісті мекемеге жүгінбей-ақ автоматты түрде көрсетілетін қызметтер. Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз әлеуметтік әмиянды енгіздік, – дейді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Ел азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асқан «әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы бүгінде оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету және тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту қызметі жүзеге асты. Елімізде 2000-нан астам мектепте білім алып жатқан 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, мемлекеттік дәріханаларда 1,5 млн-нан астам рецепт өңделіп, берілген.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елімізде жасанды интеллект арқылы виртуалды көмекшілерді енгізу жұмысы басталғанынан хабардар етті. Министрдің айтуынша, спутниктік шешімдер бойынша жасанды интеллект көмегімен заңсыз қоқыстар, жерді басып алу, орманды заңсыз кесу фактілері анықталады. Цифрлық отбасы картасы шеңберінде 6 млн-нан астам отбасы цифрландырылып, мәліметтер мемлекеттік басқаруда пайдаланылады. Жасанды интеллект талдамалық мәліметтер береді, бұл деректер апта сайын әкімдіктерге жолданады.

– Жасанды интеллектіні дамыту үшін бүгінде инновациялық экожүйе құрылып отыр Астана Хаб базасында стартаптарды қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз елімізде жасанды инттеллектіні дамыту үшін Үкіметте 5 жылдық тұжырымдаманы қабылдадық. Аталған тұжырымдама бойынша бірнеше маңызды бағыт бар. Біріншісі, суперкомпьютерлік кластерді, суперкомпьютерлік инфрақұрылымды дайындау. Екіншісі, заңнамалық актілерді шығару. Үшіншісі, адами капиталды дамыту. Келесі жылы қарқынды түрде осы бағыттарды пысықтаймыз, – дейді министр Ж.Мәдиев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *