Оқушылар Кентау колледжінде оқытатын жұмысшы мамандықтарымен танысты

Оқушыларымыз Кентау қаласында орналасқан №7 колледжінде оқытатын жұмысшы мамандықтарымен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегінде «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «2025 жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануына орай оқушылардың өздерінің басымдықтары, қызығушылықтары және мүмкіндіктері негізінде болашақ мансабын анықтауға бағыттау мақсатында мектебіміздің оқушылары Кентау қаласындағы №7 колледжіне экскурсия жасады.

Өндірістік экскурсия барысында оқушыларымыз түрлі жұмысшы мамандықтарымен танысты. Бұл мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін маңызды салаларға жатады.

Атап айтқанда: Электргазбен дәнекерлеуші – құрылыс, өндіріс және жөндеу саласында маңызды мамандық. Токарь – металл өңдеу және машина жасау кәсіпорындарында қажет кәсіп. Слесарь-жөндеуші – түрлі техниканы жөндеумен айналысатын маман. Шаштараз – сұранысқа ие, шығармашылық пен кәсіби дағдыны ұштастыратын мамандық. Бұл салада шеберлік пен сәнге деген талғам аса маңызды. Оқушыларға шаш қию, бояу, сәндеу секілді негізгі шеберліктер таныстырылып, кәсіби құрал-жабдықтар көрсетілді. Автокөлік жөндеу слесары – көлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында сұранысқа ие кәсіп.  Аспаз және кондитер – қоғамдық тамақтану саласында ерекше маңызға ие мамандықтар.

Оқушыларымыз бұл мамандықтар туралы тәжірибелі мамандардан тың ақпарат алып, өздерін қызықтырған салаларға қатысты сұрақтарына жауап алды.  Экскурсиялар жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесіп, олардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейте білді!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *