Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған ерекше іс-шара өтті

Бүгін Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған ерекше іс-шара өтті.

“Абилитация” деп аталған бұл кешке Түркістан қаласындағы спортқа еңбегі сіңген ерекше жандар қатысты. Шараның ашылу салтанатына арнайы келген Түркістан қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбет, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева, Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев қатысушыларға қолдау көрсетті. Сонымен қатар “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы”-ның қызметкерлері арнайы көрме ұйымдастырды және №1 Арнайы кешен Балабақша — мектеп интернатының тәрбиеленушілері мен ерекше жандар өз өнерлерін көрсетті.

Кеш соңында Түркістан қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбет, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева және Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова “Абилитация” атты іс-шарада белсенділік танытқан барша қатысушыға арнайы марапаттар мен сыйлықтарды табыстады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *