САУРАНДА БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Img 9207
Мерекелік жиынның басты мақсаты – ұлттар арасындағы татулықты насихаттап, бірлік пен бейбітшіліктің қоғам үшін маңызын көрсету.
Жиын мемлекеттік рәміздермен әрленген сахнада салтанатты фанфармен ашылды. Жүргізушілердің мерекелік лебізінен соң сөз кезегі аудан әкімі Мақсат Таңғатаровқа берілді. Ол өз құттықтау сөзінде:
– Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 Мамыр – халық бірлігі күні – бейбітшілік пен ынтымақтың айқын көрінісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан халқының бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Сан ұлтты бір шаңырақ астында ұйыстыра білген еліміз бүгінде тұрақтылықтың үлгісі болуда. Бұл жетістіктеріміздің негізінде әр азаматтың татулық пен түсіністікке қосқан үлесі жатыр, – деді.

Img 9206 Img 9205
Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байспаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков және өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков құттықтау сөз сөйлеп, барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Мерекелік бағдарламада аудан өнерпаздары ән шырқап, бейбітшілік пен достықты дәріптейтін хореографиялық қойылымдар сахналанды. «Достық» ансамблінің орындауындағы түркі халықтарының музыкалық попурриі көрермендердің зор қошеметіне бөленді.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар бірігіп «Елім менің» әнін орындап, достық пен ынтымақтың рухын ерекше сезіндірді.

  • Img 9204

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *