ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМ ҮШІН ПАЙДАЛЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА — 2

 

Әлеуметтік жұмыс орындарын салық және басқа әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізіп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер ұйымдастырады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

– Ал, егер де жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындарға тұрақты жұмыс тауып бере алмаған жағдайда қандай шаралар қабылдайсыздар?

– Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға жұмыс тауып бере алмаған жағдайда оларды әртүрлі санатқа бөліп қарастырамыз. Кейбірінің мамандығы болмаса, енді бірінің қолында диплом бар, бірақ тәжірибеден өтпеген болады. Ондай жандарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз. «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» деген бағыттар бойынша жұмыс ұсынамыз. Я болмаса, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдаймыз.

— Түсінікті. Қазіргі таңда өңірім-ізден жұмыс күші тапшы болған аймақтарға тұрғындарды ерікті түр-де көшіру жұмыстары жүргізілуде. Айтыңызшы, мұндай бағдарламаға кімдер қатыса алады?

— Өңірімізден өзге аймақтарға арнайы бағдарлама бойынша қоныс аударатын адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беріледі. Жұмыс беруші жұмыс-керге тұрғын үй немесе қызметтік тұрғын үй, жатақханалардан бөлме қарастырылған. Жұмыс берушінің қаж-еттілігі болған кезде азаматтар кәсіптік тұрғыда білімдерін жетілдіреді. Жалпы олардың жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Өткен жылы қаладан еліміздің өзге аймақтарына 4 адам жұмыс бойынша қоныс аударды. Биыл бір адам жұмыс бабымен Семей өңіріне көшті.

Кез-келген жастың оқуды бітіріп, мамандық иесі атанып, қолына диплом алғаннан кейін жұмыс іздейтіні белгілі. Алайда, тәжірибесі жоқ адамды жұмысқа ешкімнің алғысы келмейді. Осындай тығырықтан шығудың бірден-бір жолы, ол – «Жастар практикасы» бағдарламасы. Бұл — жас маманның тәжірибе жинауына  мүмкіндік беретін бағдарлама. Былтыр Кентау қалалық «Мансап» орталығы арқылы 410 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа жолдама алды.

Айта кетейік, «Жастар практикасы» бағдарламасы жоғары және арнаулы білім беру ұйымдарының түлектеріне (алдыңғы 5 жыл ішінде оқуын аяқтағанын растайтын дипломы бар және 35 жастан аспаған азаматтарға) арналған. Оның ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақының бір айдағы мөлшері 30 АЕК құрайды. Кентау қаласында жыл басынан бері «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 122 өтініш білдіруші жұмысқа жолдама алды.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылады. «Мансап» орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын енді тәмамдаған жастар 18 ай жұмыспен қамтылады. Нәтижесінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастардың тәжірибе мен біліктілігін арттырады. Бұл жобаға 35 жасқа дейінгі және жұмыссыз жүрген азаматтар, жұмыс өтілімі жоқ жастар қатысады. Мұның да еңбекақысы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемін құрайды. Алдымызға қойған жоспарға сәйкес биыл жыл соңына дейін 90 адамды жұмысқа орналастыру көзделген болатын. Ағымдағы жылдың 6 айында қалада «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 78 адам жұмысқа орналасты.

— Мемлекет тарапынан жұмыссыз жүрген жастарға арналған бағдар-ламаларды білдік, ал енді зейнет жасына жақындаған адамдарға қандай қолдау көрсетіледі?

— Сұрағыңыз өте орынды. Иә, қазіргі таңда үй шаруасымен айналысып, жұмыссыз отырған әйелдер көптеп кездеседі. Олар зейнет жасына жақы-ндағанда  жұмысқа тұруға ниет білдіреді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем-десудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі кеңейтіледі. Өткен жылдан бастап «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізілді. Қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылған. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды. «Күміс жас» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен Кентау қаласы бойынша жыл басынан бері 105 адам жұмысқа жолданды.

— Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Раушан НАРБЕК.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *