Кешкі самал арасынан түтіннің иісі сезілді, әйелдер кешкі асқа кіріскен уақыт. Сендермен отырып қалыппын – ау, жұмыстарым қалып барады деп басындағы орамалын әлі де қапқара шаштарын басыңқырап тартып жатыр еді, Қасындағы қаумалаған немерелері, апа тағы да, тағы да, деп жамырай түсті.
Жарайды айтайын: Тәттігүл сені жақсы көретін Асан қайғы, Ал тыңдаңдар…
Ертеде қазақтың күшті батыры болыпты…
Қарттың дауысы ақырын ғана естілуде, төрт қара домалақтың ауыздары ашылып көздері бадырайып бір сөзді жіберіп алардай, бірақ басынан аяғына дейін, өз халқының жоқшылықтан дәрменсіз өмір сүріп жатқанын көріп соларға бақыт іздеп шыққан қазақтың бетпақдаласын өзінің желмаясында «бақыт» іздеп аралаған, бірақ еш жерден таппай көңілі қалған Асан Қайғы жайлы аңызды жаттап алсада тыңдап отыр.
Тәттігүл Досжанова өз естеліктерінен ойын жиып, жымия күлді:
Мен бұл аңызды әлі де жақсы көремін. Мен үшін Асан Қайғының шексіз дүние кезіп өткен өмірі халқының көз айнасы секілді. Бірақ өмір өзінікін алды. Қазақстаным бақытын тапты.
СССР-дің Конституциясының қабылданғаны әлі де есімде. Ол біз үшін мереке еді.Алтын заң деп атап кеттік біз оны, өйткені ол заңда жазылған әрбір сөз қазақтарға алтындай көрінді. Жамбылдың өлеңдерін алғаш оқығанда, өзім жазғандаймын әрбір адамның басынан өткенін айқын бейнелеген. Менің де бір халқыма жақсылық жасағым келді, бәріне жететінди.
Осы сезіммен Ащысай байыту фабрикасының жас сезімтал жүк тасымалдаушысы күнделікті жұмысқа келетін.
Ай осы Тәттігүл барма сондай пысық!Қолынан келмейтіні жоқ, жаңа үйренбеген жұмыс болсаТда. Бұрын қазақтың қыздары кен байытумен айналыспаған ғой, қоқу керек сияқты бірақ жоқ, өзіне сенімді – деді, кен ұсақтаушы бөлімінің бастығы. Ал онымен әңгімелесіп тұрған егделеу келген қазақ кісі қарсы келіп, қоя тұр әліәлсіреген жоқ, жас, барын салып жұмыс істеп жүр, ертең ақ отбасылы болғанда көрерміз деді.
-Бірақ қашан біздің жеке басымыздың ісі бірінші орында тұрды, біз одан сайын құлшына жұмысқа кіріспейміз бе?
Бұрындары күйеуі қалың малға сатып алған әйелінің қожайыны болушы еді ал қазір досы замандасы. Жаңаша қарым қатынас қазақтың отбассына таңсық емес, Бұл Конституциямыздың ықпалы әйел мен еркекті тең құқықты еткен.
Өмірге кішкентай Әмзем келгенде қиындау болды, ал одан кейін Айжамалым, бірақ тату отбасында қиындықтар өтінші болады. Дәл осы кезде соғыс басталды…
Ол көзқарасын жасырып киімдерді жиыстыра бастады. Жоқ ол жыламады, Ысқаққа көз жасын көрсетсе ауыр тиетінін білді, бірақ көздерінен мұң білініп тұрды. Қолдары өздігінен киімдерді салды, жолға арналған тандыр нан мен құртты да дайындады, ал басында соғысқа аттану, мүмкін өлімге деген ой кетпеді.
Тәтжан! – деді Ысқақ, бұл оның еркелетіп атауы еді. Жетеді әбігерлене бермеш, кел оданда сөйлесейік – деді. Ол келіп қасына отырды, оның отырысының өзі мұң мен жаңсақтықты білдіріп тұрды. Күйеуінің қолы ақырын ғана иығына түсті.
Саған менсіз қиын болатын болды, бірақ амалымыз барма қазір бәріне де қиын, балалар саған аманат, екеуміз қалай өсірсек, сен солай өсір. Бірақ айтқым келгені бұл емес Тәтжан. Мен жоқта еш қиындыққа мойымайсың, осы мықты күйіңде қаларсың деп ойлаймын. Қазіргі кезде бұрынғыданда мықты, төзімді болу керек.
Бүгінгі кеште Тәттігүл алғаш рет күйеуінің көзіне тіктеп қарады да сабырға кел Ысқақ, бәрі де сен айтқандай болады жеңіспен оралыңдар.Уақытша абыржудың ізі де қалмады. Тәттігүл әрқашанда жақсы жұмыс істейтін, бірақ дәл қазіргісіндей емес.Екі ауысым жұмыс істеу керек ауыстыратын адам жоқ. Жарайды шамам келеді, жұмыстан соң жауынгерлерге сыйлықтар дайындау, әрине қуана-қуана! Ал шаршаған кезде жұмыстан соң бой жазып алмақшы болғанда есіне Ысқақ түсетін, мүмкін дәл қазір ол мені есіне түсіріп жатқан шығар уәдемде тұруым керек…
Германия берілді. Ән мен гүлмен, қуаныштан аққан жас, бұл жолы бақытпен соғыстан жеңіспен оралған жауынгерлерді күтіп алудамыз, Ащысайлықтарда оралды, бірақ Ысқақ араларында жоқ.
Ең қорқыныштысы өзінің еңсесін түсірсе не болатыны, морт сынатынынан қорқады. Достар қайғыңды бөлісер кезде керек, ондай достар болды.