ТҮРКІСТАН:«МЕН – ЕҢБЕКШІ ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН» — 2

 

1958 жыл Тәттігүл Досжанова екінші рет СССР-дің жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Өте жоғары мәртебе, бұлай марапатталу оңай емес, оған қалай жетті?
Тәттігүл жұмыстан үйіне кіргені сол еді есікті біреу қақты. Ашып еді «Ащысай» кенішінің кеншісі Жәнібек Байбеков екен.

  1. Кіріңіз қонақ болыңыз,
  2. Сені демалдырмағыныма кешір, саған үлкен өтініш, денсаулығым сыр беріп, қаржылай көмек керек еді, кен бастығы  көнер емес- деді.
  3. Жарайды Жанеке көрейін.

Ертесіне жұмыстан соң Тәттігүл үйіне емес Кеніш комитетінің басшысына келді. Ал ол болса қысқа қайырып «қуана берер едік, бірақ ақша жоқ» — деді. Көндіруге тура келді.

  1. Ж.Байбеков – Ұлы Отан соғысынң мүгедегі, соғыстан оралған соң да жаман жұмыс істеген жоқ оған көмек қажет,мұнадай мәселеге қаржы табу қажет!
  2.  Таптық та керекті құжаттар рәсімделді.кеніш комитетінің төрағасы әзілдеп: сенің өзіңе керек болса бұлай әбігерленбес едің. Ал басқаларға келгенде жігерленіп кетесің. Сенімін мұндай кезде сөз таластырудың қажеті жоқ. Тәттігүл күлді де: бұл өзіме сенімді болған кезде ғана, ал өзіме сенімсіз болсам  тексермей тұрып бұл іске араласпас та едім. Бұны Ащысайлықтар жақсы білетін еді. Жұмыста болсын үйде болсын барлық кезде де Тәттігүлге жүгінуге болады. Ол ешқашан қолынан келсе көмегін аяған емес.

Әртүрлі өтініштер де болды үлкені де кішкентайы да, бірақ бәрі де уақыт пен табандлықты, ең бастысы жүректілікті қажет етеді. Есесіне Карл Маркс, Жданов, Жангелдин көшелерінің тұрғындары шын көңілден рахметтерін жаудырып, біздің отбасымыз бір адаммен толықты, сен осы отбасымыздың бір мүшесіндейсің дейтін.

Тәттігүлдің көмегімен бірнеше көшелер көркейтілді, кей үйлерге су құбырлары жүргізілді. Көпетеген жұмыстар көпшіліктің араласуымен бітетін. Тәттігүлде бұндай сенбіліктерге белсене араласатын.

Бұл тірліктердің ең бақытты сәті жемісін көргенде. Қалай шын пейіліңмен кіріссең соғұрлым жақсы нәтижесін көріп марқайып қаласың. Міне сондықтан маған Отанымыздың ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері деген марапатымен марапатталғанда өз көзіме өзім сенбедім, не үшін деп ойладым.Қанағаттанудың қуанышын сезіндім, жұмысма бар күш-жігерімді жұмсап істегенім үшін, ең бірінші марапатым халқыма қызметім. Мен Еңбек Ері атағына лайық емеспін деп ойладым.

Фабрикада оны озат жұмысшы ретінде білді. Ауылда –депутат ретінде таныды. Тағыда оның үшінші міндеті болды – аналық міндеті. Жалғыз және бос отырған уақыттарында көп ойланатын. Осы жүргенімде Ысқақ разымекен маған деп,  осал деп оны айталмайсын, Тәттігүлдің жұмысына ұялмайсын. Ал балаларына келсе ол екеуі тәрбиелегендей өсіре алды ма?
Мен қайтадан Совет Конституциясына рахметімді айтқым келеді. Ысқақ соғықа аттанғанда  Әмзе бес жаста болатын. Ұлым М.Горкий атындағы мектепті тәмамдап КазГу-дың экономика бөліміне түсті. Бітірген соң кенішке оралды. Комбинаттың жоспарлау бөліміне жұмысқа тұрды. Қазір Мырғалымсай кенінің жоспарлау бөлімінің басшысы, әйелі мұғалім, Ы.Алтынсарин атындағы мектепте тарих пәнінен сабақ береді.

Айжамал болса Шымкент педагогика институтын бітірді, күйеуі де соны бітіріп ұстаз болып отыр.Кеңес үкіметі болмаса балаларым жоғары білім ала алармеді. Жеті немерем бар, бесеуі Әмзенікі, екеуі Айжамалдікі. Екі немерем оқиды, басқалары балабақшаға барады.Балдарыма разымын. Ұжым жетістіктеріне де немқұрайлы қарамайды. Олар жұмыстарын жан тәнімен беріле істейді. Әмзе өзінің жұмысын жақсы біледі, тәжірибелі маман, белсенді, қоғамшыл дейді: кеніштегілер. Ол Жолдастық соттың төрағасы, Кеніштің комитеттік жұмыстарын да белснді атқарады, Халықтық бақылаудың да мүшесі. Анасының үмітін ақтады.

Неден бастап едік өзі? Асан Қайғының аңызынан ба? Білесізбе Қазіргі кезде бәріміздің басымызда Асан қайғының арманы бар, Бақытқа әркімнің де тілегі бар. Тәттігүл Досжанова 1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында шаруа отбасыда дүниеге келген. Тәттігүлдің әкесі өмірінің соңына дейін байларға  құл болып  жастай өмірден озған. Тоғыз жасында жетім қалған Тәттігүл  үлкен әпкесінің тәрбиесінде болады.

Ол 1932 жылы  Ащысай полиметалл комбинатына жұмысқа тұрады. Алғашқы алты жыл  күрделі құрылыс бөлімінде қатардағы қызметкер болып жұмыс істеп, ал 1938-1944 жылдары Ащысай кенішінде жүк тасып шығарушы болып жұмыс жасайды.

Соңғы 14 жыл Т.Досжанова Ащысай кен байыту фабрикасында жүк тасымалдаушы болып  жұмыс істейді. Кәсіпорында өнімді арттыру мақсатында  жарыс ұйымдастырылған кезде  Тәттігүл өндіріс жаңашылдарының алдыңғы қатарында жүреді. Ол күннен күнге өнім өндіруді межесінен асыра орындап, жұмыстағы жетістіктерін арттырады.

Жақсы жұмыс істегіні үшін Тәттігүл Досжанова  «Еңбек үздігі» деген медалімен марапатталып, бірнеше рет мадақтама граматаларын алады.
Ол  қандай жерде жұмыс істесе де Социалистік  Отанын көркейту үшін күресте өзінің ісіне лайықты үлесін қосуға атсалысатын.

Тәттігүл Досжанова Ащысай полиметалл комбинатында ширек ғасыр жан аямай жұмыс істеп құрметті азамат болды. Осы құрметінің арқасында 1954 жылы СССР-дің Жоғарғы Кеңесіне депутат қылып сайланды.

Тәттігүл Досжанова өте  қарапайым, қайырымды жан, жұмысшылардың өтініштері мен арыз шағымдарына немқұрайлы қарамайды, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *