«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.
Осы бағытта Түркістан облысының Созақ ауданында ілкімді істер қатары аз емес. Атап айтсақ, биылғы жылы жолдарды жақсарту мақсатында «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 447 млн. 330 мың теңге қаржыға 14,2 шақырымды құрайтын 12 көшеге асфальт жабындысы төселді. Бағдарламаның шарапатын көрген созақтықтар «Ауыл – Ел бесігі» жобасының арқасында жолымыз түзеліп, аудандағы жағымды жаңалықтардың куәсі болып жатырмыз», дейді.
Аталған 12 көшеге төселген асфальт жабындысының «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашлық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан сынама алынып қорытындысы күтілуде.
Сонымен бірге, жергілікті қазынадан бөлінген 2 млрд. 157 млн. теңге қаржыға 49,6 шақырымға асфальт жабындысы мен 33,5 шақырымға қиыршық тас төселіп пайдалануға берілуде.
