Түркістан облысы АУЫЛДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК – ПРЕЗИДЕНТ ЖҮКТЕГЕН БАСЫМ МІНДЕТ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында халықтың денсаулығын сақтау – ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі екенін атап өтіп, әсіресе ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді басты міндет ретінде жүктеген болатын. Осыған байланысты елімізде фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық пункттер салу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Президент тапсырмасына сай, 2025 жылға дейін еліміздің ауылдық жерлерінде фельдшерлік-акушерлік пункт пен дәрігерлік амбулатория салу көзделсе, бірінші кезекте шалғай елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті уақытылы көрсетуге бағытталған.

Аталған міндет аясында Түркістан облысы Келес ауданында үш бірдей жаңа медициналық нысан ашылды. Нақтырақ айтқанда, Қошқарата ауыл округіне қарасты Бесқұбыр ауылында дәрігерлік амбулатория, Бірінші Мамыр елді мекенінде «Шынар» фельдшерлік-акушерлік пункті және Біртілек ауыл округіндегі Игілік ауылында медициналық пункт ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңа медициналық нысандардың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысандардың іске қосылуымен құттықтады. Ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымды дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Жаңа медициналық нысандар заманауи талаптарға сай салынып, ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған.

Айта кетейік, Келес ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту, ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Жаңа медициналық нысандар қазіргі заманғы талаптарға сай жабдықталып, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ауылдық жерлерде жұмыс орындарын көбейтіп, жас мамандарды тартуға да оң әсерін тигізуде.

Мемлекет басшысы бастамашы болған бұл игі қадам – ел азаматтарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты әрі маңызды шешім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *