ПРОБАЦИЯДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚОЛДАУ — ОТБАСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

 

Түркістан өңірінде құқықтық тәртіпті сақтау ғана емес сонымен қатар қоғамға қайта бейімделу отбасына қайта оралу ұғымдары маңызды бағытқа айналып отыр пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға жан жақты әлеуметтік құқықтық қолдау көрсетіп оларды еңбекке баулу отбасына балаларына жақындарына қайтып бейімдеу бүгінде аймақтағы басты әлеуметтік басымдықтардың бірі болып саналады бұл тек жазасын өтеушіні бақылап отыру емес қайта оны қоғамға қайта қосып жаңа өмірге жол ашудың игі бастамасы.

Түркістан облысының прокуратурасында өткен кеңейтілген алқалы жиында пробация қызметі есебіндегі азаматтарға көрсетілетін көмектің тиімділігі құқық бұзушылықтың алдын алу отбасымен байланысын нығайту мәселелері жан жақты қаралды. Жиынға облыс прокуратурасы құқық қорғау органдары жергілікті билік өкілдері әлеуметтік басқармалар қаржы ұйымдары мен он жеті аудан қала әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты. Бұл ортақ мүдденің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Облыс прокуроры бірінші орынбасарының айтуынша пробацияда тұрған азаматтарды тек қадағалау жеткіліксіз. Оларға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсетіп, еңбекке араластыру өмірге қайта бейімдеу, отбасына қайта бауыр басуына мүмкіндік беру ең басты міндет болып саналады. Отбасыға қайтып бейімделген азамат бұрынғыдай құқық бұзуға жол бермейді. Керісінше баласына, жақынына үлгі бола алады. Бұл жолда жүргізіліп жатқан жүйелі шаралар өз нәтижесін бере бастады.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қайталап құқық бұзуға итермелейтін басты себептердің бірі отбасындағы қиындықтар мен әлеуметтік теңсіздік екенін атап өтті. Сондықтан әрбір адамның тағдырына жеке назар аударып, оған арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, көмекке мұқтаж жандарды бетпе-бет қолдау қажет деді.

Бүгінде облыс пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың саны мың жеті жүзден асып, оның екі жүзден астамы әйелдер тізімдегілердің екі жүзден астамы жоғары білімді болса, екі жүз елу адам әлеуметтік осал топқа жатады. Қазірдің өзінде мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан, төрт жүзден астамы жұмыссыз ретінде тіркелген. Биылдың өзінде жұмысқа орналастыру үшін арнайы квота бөлініп, бір маусымға дейін мекемелерге адамдарды жұмысқа тұрғызу көзделіп отыр.

Қайта бейімдеу ісінде жұмыспен қамту жәрмеңкелерінің орны бөлек. Өткен жылдың басынан бері қырықтан астам бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізіліп, төрт жүзден астам адам мансап орталықтарына жүгінген. Екі адам атаулы әлеуметтік көмек алып, отыз адам қайтарымсыз грантқа ие болған. Елу бес азамат Бастау Бизнес жобасы аясында кәсіп ашудың алғашқы сертификатын алған. Бұл тек сандар емес нақты тағдырларға өзгеріс әкеліп отырған нақты қолдау.

Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы да ерекше аталып өтеді. Облыста он жеті отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды ерте анықтап оларға психологиялық құқықтық әлеуметтік бағытта жан жақты көмек көрсетеді. FSM Social мобильді қосымшасы арқылы орталықтардың жұмысы толық автоматтандырылып, азаматтарды уақытылы тіркеуге қажетті шараларды кешіктірмей атқаруға мүмкіндік береді. Бұл адам тағдырына бейжай қарамаудың ең тиімді жолы.

Пробацияда тұрған азаматтарды қоғамнан оқшаулау емес, қайта оларды ортаға қайта қосу, отбасымен байланысын нығайту, балаға үлгі болуға мүмкіндік беру тұрақты табысқа қол жеткізуге жол ашу. Бұл барлық бастаманың түпкі мақсаты — отбасы құндылықтарын сақтап, әлеуметтік әділеттілікті орнату әрбір азаматтың тағдырына жанашырлықпен қарау деген сөз.

Бүгінгі Түркістан тек өндірісі дамыған экономикалық әлеуеті артқан аймақ қана емес әлеуметтік әділеттілік пен адамгершілікке негізделген гуманды бағыт ұстанып отырған өңір саналады. Мемлекет пен қоғамның бірлескен қолдауы отбасының беріктігін қоғамның тұрақтылығын нығайтуға кепіл болатынына дәлел болып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *