Қазақстан халқының саны бір жылда 212 576 адамға артты

 

1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтардың жалпы саны 20 495 975 адамға жетті. Әйелдер саны – 10 477 240 адам, ерлер – 10 018 735 адам. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қала тұрғындарының саны 13 029 803 адам болса, ал ауылда 7 466 172 адам тұрады.

Халық көп шоғырланған аймақтарға Алматы қаласы, Түркістан облысы, Астана қаласы, Алматы облысы, Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы кіреді. Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында тұрғындар саны ең аз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *