ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі аумағында 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына арнайы барып, нысанда атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Аудан басшысы құрылыс сапасына ерекше назар аударып, нысанды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.
650925610 2123808605034078 3999959826243362345 N
        Аталған нысанның мердігері – «Асар Строй Групп» ЖШС мекемесі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында қазаншұңқырын қазу және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар, нысанның қышын қалау және сыртқы қоршау жұмыстары да аяқталуға жақын. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары басталып, сылақ жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ғимаратта электр, су, жылу және кәріз желілері тартылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *