Былтыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев металлургия қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған орай, металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мәртебелі марапаттарды иеленді.
Металлургтер күні – Ресейде, Беларусьте, Донецкте (Украина), Приднестровьеде және Қазақстанда жыл сайын атап өтілетін кәсіби мереке. Елімізде шілденің әр үшінші жексенбісінде металл өндірумен байланысты еңбек адамдары: болат жасаушылар, құюшылар, доменшілер, темір ұсталары, қалыптаушылар, прокатшылар және басқалар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы және басқа да көптеген мамандықтарды металлургия біріктіреді. Бұл мерекені тиісті бейіндегі ғылыми-зерттеу орталықтарында металлургия саласында жұмыс істейтін ғылыми сала өкілдері, кен өндіретін кеншілер, сондай-ақ металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің барлығы атап өтеді.
Құрылыс пен машина жасау, мұнай-газ секторы және энергетика – осы салалардың барлығы металлургтер өндіретін шикізатты қажет етеді. Бұл күрделі мамандық адамнан жоғары технологиялық білімді, жауапкершілік пен зейінділікті, талдау жасай білуді және жаңа әдістер мен технологияларды меңгеруге дайын болуды талап етеді. Ал, металлургтердің өздері болаттай берік, сенімді.
1955 жылдың тамыз айында Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кентауға қала статусы берілді. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы — Мырғалымсай болған. Мырғалымсай — осындағы байырғы кен орны болатын. Кентау қаласын құрудағы мақсат — «Ащысай» кенішіндегі байыту жұмыстарын кеңінен игеру еді. Аттары бүгінде әлемге мәлім тау-кен орындары, Трансформатор, Экскаватор зауыттары осы қала базасында құрылды.
Кентау кезінде Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі болды. Барит өнімдерін (Барит ауыр шпат – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: BaSО4, құрамына қоспа түрінде стронций мен кальций енеді. Стронций мөлшері көп болса, баритоцелестин деп аталады. Кристалдары тақтайша жалпақ, сирек призма немесе бағана пішінді болып келеді. Минералдық агрегаттары түйірлі массадан тұрады. Көбіне ақ, кейде әр түсті, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3 – 3,5, меншікті салмағы 4,3 – 4,7 г/см3. Гидротермаль кендер мен шөгінді жыныстарда кездеседі. Қазақстанда көп таралған (Бадам барит кені, т.б.). Резина, қағаз, химия өндірістерінде толықтырғыш ретінде пайдаланылады, бұрғылау ерітінділеріне қосылады), түстіметалл концентраттарын өндіретін «Оңтүстіктүстіметалл» жабық акционерлік қоғамына Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кірді. Мұнда мақта-мата өнімдері де өндірілді.
Айта кетейік, мақта — аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта — сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Закавказьеде өсіріледі.
Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы — қауашақты. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.Егер қауашақтан сол бір үлпілдек массаны жұлып алып қарасақ, одан біз мақтаның тұқымын көреміз. Енді осы тұқымның біреуін алайық. Оны жалпы массадан ажыратып алу оңай емес. Оның сырты ұйысқан талшық болып келеді. Мұны жаза бастасақ, олардың ұзынды-қысқалы өте нәзік талшықтар екенін көреміз. Мақта талшығы немесе мақта дегеніміз міне осы. Сөйтіп, зығыр мен сораның иіруге арналған талшығы сабағында, ал мақтаныкі тұқымының сыртында болады.
Мақтаны тұқымымен бірге негізінен машинамен жинайды. Және де мұны бірнеше дүркін қайталайды, өйткені қауашақтары бір мезгілде пісіп жетілмейді. Бұл жиналған өнім әзірге әлі шитті мақта болып табылады.
Мамандыққа адалдық танытып, кәсіптің маңыздылығын түсіну, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік — қай қаланың болмасын басты мұраты. Кентау қаласының ірге тасын қалаған және ешбір қиындықтарға мойымаған майталман металлургтердің даңқы арта берсін!
Жолшыбек Аккулов,
«Ащысайтүстіметалл» комбинаты ардагерлер кеңесінің төрағасы
