ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА 40-ТАН АСТАМ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМШЕСІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Түркістан облысы аумағында Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты 42 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Өңірде соңғы екі жылда ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында 10 Ауыл құтқарушылары өрт сөндіру пункті ашылып, онда 62 қызметкер мен 10 өрт сөндіру автокөлігі қызмет атқаруда. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Асқар Сейсенов мәлімдеді.
«Департаменттің теңгерімінде жалпы 244 бірлік автотехника бар. Оның ішінде 117 негізгі, 15 арнайы және 112 көмекші техника қызмет көрсетеді. Орман және дала өрттерін сөндіру үшін 340 маман мен 70 бірлік техника дайындалған. Сонымен қатар, 1 тікұшақ пен 6 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Құрамның әзірлігін тексеру мақсатында Бәйдібек ауданындағы Байжансай ауылында республикалық «Өрт-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Жыл басынан бері облыс аумағында 139 өрт тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 25 пайызға төмендеп отыр. Орман қорында 1 өрт тіркелсе, далалық алқаптарда 2 өрт оқиғасы орын алған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 60 пайызға төмен» — деді спикер.
Сондай-ақ, брифинг барысында Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мейрамхан Кемелханов өңірдегі өрт қауіпсіздігінің алдын-алу шаралары туралы баяндады.
«Өрттердің алдын алу мақсатында облыс әкімдігі бекіткен арнайы іс-шаралар жоспары аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 478 елді мекеннің айналасы минералды жолақтармен қоршалып, құрғақ шөптерден тазартылды. Жалпы ұзындығы 9 602 шақырымнан астам минералды жолақ жүргізілді. Өрт қауіпті кезеңде бақылауды күшейту үшін 14 мобильді топ құрылып, жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесінде 116 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс аумағында авиациялық техника арқылы су алу үшін 10 арнайы су айдыны белгіленген» — деп мәлімдеді сала маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *