ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ТЕННИСШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Петропавл қаласында 1-7 маусым күндері 2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Республикалық додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар қатысып, командалық, жекелей, жұптық және аралас жұптық сайыстарда бақ сынады.
Аталған чемпионатта Түркістан облысының жас спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп, ел біріншілігінде 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Командалық жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының қыздар құрамасы қола медаль жеңіп алды. Команда құрамында Назерке Болатбек, Нұршуақ Смайл, Зайнап Абдулаханова, Диана Жораханова және Айша Әбубәкір өнер көрсетті.
Жекелей сында Назерке Болатбек барлық қарсыластарын жеңіп, ел чемпионы атанды. Ал ұлдар арасында Әлтаир Әбубәкір қола жүлдеге ие болды.
Жұптық жарыстарда да облыс спортшылары табысты өнер көрсетті. Әлтаир Әбубәкір ұлдар арасындағы жұптық разрядта қола медаль жеңіп алса, қыздар арасындағы жұптық бәсекеде Назерке Болатбек күміс жүлдені еншіледі. Аралас жұптық сайыста Түркістан облысының спортшылары Әлтаир Әбубәкір мен Назерке Болатбек жұбы күміс медаль иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *