Чехияның Пардубице қаласында ересектер арасында тоғызқұмалақтан Әлем кубогы өтті. Әлемнің үздік зияткерлік спорт шеберлері бас қосқан халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен түркістандық спортшы Лес Зауытбек жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыстың рапид бағдарламасында шебер ойын өрнегін танытқан жерлесіміз күміс жүлдеге ие болып, ІІ орынды иеленді. Ал, блиц сайысында үздік үштіктен көрініп, қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Лес Зауытбек 2023 жылы оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанған. Оның Әлем кубогындағы бұл табысы – Түркістан облысындағы тоғызқұмалақ мектебінің әлеуетін айқындайтын маңызды жетістік.
