ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ 6,4%-ҒА АЗАЙДЫ

 

 

2026 жылдың 7 айында Түркістан облысы бойынша 670 (2025 жылдың 7 айында — 716) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда —6,4%-ға төмендеген .

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны -8,6%-ға (1060-тан 969-ға) төмендеген, оның ішінде жарақат алғандар саны —9,1%-ға (897-ден 815-ке дейін) төмендеген, ал қаза тапқандар саны —5,5%-ға (163-тен 154-ке дейін) төмендеген.

Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 277 (272) 1,8%-ға өскен, ал қаза тапқандар саны 37 (32) өсім 15,6%-ды көрсетеді.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында (155 ЖКО) және елді мекендер аумағында орын алуда (426 ЖКО).

Ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелген аудандар: Сайрам – 97, Жетісай – 84, Түркістан қаласы – 77, Арыс – 48, Түлкібас – 42, Келес – 39, Созақ – 39, Сауран – 35, Сарыағаш – 35, Шардара – 33, Ордабасы – 30, Төлеби – 23, Кентау қаласы – 20, Отырар – 19, Мақтаарал – 17, Қазығұрт – 16, Бәйдібек – 16.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де Жол қозғалысы қағидаларын сақтамау болып табылады (ЖҚҚ немесе жол белгілерінде белгіленген жылдамдықты арттыру; жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға басымдық бермеу; маневр жасау қағидаларын сақтамау; қарсы қозғалыс кезінде жол беру немесе басып озу қағидаларын бұзу және басқа да жағдайлар).

Түркістан облысының құрметті тұрғындары, сондай-ақ қонақтары мен туристері, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Жолдарды тек белгіленген жерлерде кесіп өтуге, оң жақ рульді орналасуы бар автомобильдерде такси қызметтерін пайдаланбауға, қала маңындағы жолдарда жылдамдықты асырмауға және қауіпті маневрлер жасамауға шақырамыз.

Сонымен қатар, ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *