Әрбір мемлекеттің тарихында түбегейлі бетбұрыс жасайтын, ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын сәттер болады. Біз үшін биылғы жылдың басты оқиғасы — еліміздің жаңа Конституциясының қабылдануы және оның ресми түрде күшіне енуі. Бұл құжат — жай ғана заңдар жиынтығы емес, бұл — мемлекеттік басқарудың орталығы Ақорда мен қарапайым халық арасындағы жаңа саяси серт, Әділетті Қазақстанның құқықтық іргетасы.
Тәуелсіздік алғаннан бері ел басқару жүйесі бірнеше рет өзгерді, алайда 2026 жылғы реформалардың орны ерекше. Біз ескі жүйенің шеңберінен шығып, билік пен қоғамның қарым-қатынасын мүлдем жаңа деңгейге көтердік.
Тлеухан Дәурен
