САУРАНДА ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

 

Сауран ауданындағы №5 «Келешек» мектебінде «Жастар – заң мен тәртіптің тірегі» атты аудандық форум өтті. Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында заңға құрмет, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға бақытталды. Жиынды Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды.
Eb712af5 Eabf 43a0 B502 Ec5a19d26960
Форумға аудан прокурорының орынбасары Ержан Ахметов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Түймебаев, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы, ҚР ішкі істер органдарының Құрметті ардагері Бақытжан Бейсембаев, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Жиын барысында спикерлер «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жасөспірімдер тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, жастарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқық бұзушылыққа бейжай қарамау және әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

711d0270 23a0 4747 B441 5f502ea000b4
Форум барысында жас буын атынан А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы Айым Таран сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы рөлі мен азаматтық ұстанымы туралы пікір білдірді. Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *