ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

 

Өңірдің тұрақты дамуы – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты шарты. Сапалы жол, қолжетімді баспана, үздіксіз электр энергиясы, таза ауызсу мен табиғи газ, жаңа өндіріс орындары және тұрақты жұмыс орындары – бүгінгі күннің маңызды талаптары.
«Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында өңірлердің инфрақұрылымдық және экономикалық әлеуетін арттыруға ерекше басымдық берілген.

Photo 5436341231735741705 Y


Бағдарлама аясында тұрғын үй мәселесін шешу, жолдар мен инженерлік желілерді жаңғырту, ауыл шаруашылығын қолдау, су ресурстарын тиімді пайдалану, жаңа өндірістер ашу және халықты жұмыспен қамту бағыттары қамтылған.
Біздің мақсатымыз – инфрақұрылымы дамыған, экономикасы қуатты, тұрғындарына қолайлы жағдай жасалған өңір қалыптастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *