Бәйдібектік әкім құрылыс жұмыстарын бақылады

    Жұмыс кестесіне сәйкес бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Шаян ауылындағы жүргізіліп жатқан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхана мен М.Әуезов атындағы мектеп спорт залының құрылыс жұмыстарын бақылады.

Мердігер мекеменің басшылары нысанның төлқұжатымен таныстырып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және мерзімінде аяқталатынын баяндады. Аудан басшысы әрбір салынып жатқан құрылыс нысандарында бірінші кезекте сапаға мән беруді айтып, құрылыс бөлімінің басшысына аталған екі нысанның құрылыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға алып, қадағалап отыруды тапсырды.

Жаңадан жүргізіліп жатқан спорт зал мен орталық кітапхананың құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *