Қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлының ұйымдастыруымен «Түркістан қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы» бағыттарының негізінде бауырлас түркі елімен тәжірибе алмасу үшін Түркістан қаласынан Түркия Республикасына делегация аттанды.
Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Түркістан қаласы мен Түркия Республикасының Стамбул қаласы муниципалитеттері (әкімшілік) арасындағы достық байланыстар негізінде және бауырлас қала болу бағытында өзара экономикалық ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастықты орнату — делегацияның басты мақсаты.
Қала әкімінің орынбасары Жандос Қалмырзаұлы бастаған бұл топта , Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Мақсат Асылбекұлы және мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер бар. Іс – сапардың мазмұны Стамбул қаласының муниципалитеттерін (әкімшілік) аралап, онда әкімшілік – іскерлік қарым – қатынастар жүргізіп, өзара ынтымақтастық бауырмалдықты арттыру, тәжірибе алмаса отырып түркі елінен кәсіпкерлерді, басқа да сала мамандарын алдырып, олардың іс – тәжірибесімен бөлісу, сондай ақ турзим саласының даму бағыттарын талқылау болып табылады.
Бүгін Зейтунбурни қаласында делегацияның соңғы сапары жасалды. Делагация қала әкімі Омер Арасой мырзамен кездесіп, қабылдауында болды. Түркістан қаласының дамуы кезеңдерімен таныстырып, қаланың Елбасы жарлығымен облыс орталығы болып, статус алғандығын мәлімдеді. Сонымен қатар қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлының атынан құттықтау хат табыстап, сәлемін жолдай отырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға және Түркістан қаласына зиярат етуге шақырды. Қала әкімі Омер мырза делегацияның келгеніне өзінінің алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға қуана келісетіндіктерін, біз түбі бір түркі тілдес бауырлас ел екендігімізді шынайы мақтанышпен жеткізді.