Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысын Түркістан облысының басшысы Ө.Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында пысықталды, деп мәлемдейді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі жауапты басшыларға жылу беру кезеңіне дайындық барысын күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысында жеті аудан мен қалада 11 орталықтандырылған жылыту қазандықтары жұмыс істейді. Өңірде 600-ге жуық көпқабатты тұрғын үй мен 2,5 мыңға жуық бюджеттік мекеме орталық жылыту жүйесіне қосылған. Олардың 85 % жылыту маусымына дайын. Қатты отынмен қамту жұмыстары да жүзеге асуда. Қыркүйектің 1-не дейін барлық жұмыстар толық аяқталады.

Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы жаңадан салынған тұрғын үйлер үшін 9 қазандық орнатылуда және №1, 2 шағын аудандардағы жылумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аппарат отырысында облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және мобильді топтардың жұмыстарының нәтижелері туралы соңғы мәліметтер ортаға салынды. Түркістан облысы коронавирус аурушаңдығының көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқан. Науқастар саны бойынша облыс республикада төмен көрсеткіште.  Сөз соңында облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы короновирустан сақтану үшін карантин талаптарының қатаң сақталуын ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *