Сайрам ауданында жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін,»Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеде, аудан аумағында орналасқан 32 кәсіпорын мен мекемелерден, түрлі мамандықтар бойынша 72 бос жұмыс орындары ұсынылды. Атап айтқанда, қарапайым жұмысшыдан бастап, шаштараз, кондитер, дәнекерлеуші, жүргізуші, тігінші тағы басқа да мамандықтар бойынша жұмыс орындары туралы мәліметтер берілді.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыссыздықты азайту, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету. Мұндай еңбек жәрмеңкелерінің халыққа берері көп.
Биылғы жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан 211 жұмыс берушілер 530 бос жұмыс орындарын ұсынды. Және де бұл жәрмеңкеге пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар мен қарулы күштер қатарындағы келісім-шарт негізінде жұмысқа орналасатын азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, алимет бойынша борышкер тұлғалар — жалпы 130 азамат жармеңкеге қатысып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен танысты.