Келес ауданының әкімі жеңімпаз спортшыларды алғыс хатпен марапаттады

Аудан әкімі Ақментай Есбаев, әлем және Еуропа чемпионатынан жүлдемен оралған жеңімпаз спортшыларды қабылдады,- деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы чемпиондарды мараппатау барысында – «Еліміздің көк байрағы екі үлкен, Ресей және Қытай сынды мемлекеттердің туларынан жоғары түрғанын көріп өте қатты қуандым. Сіздердің жетістіктеріңіз жастарға өнеге. Сіздер секілді көк байрақты бүкіл дүние жүзі қарап отырған чемпионатта желбірететін спортшыларымыз көп болсын» — деп арнайы алғыс хаты және естелік сыйлықтарымен марапаттады.

Қасымбаев Қалдар Абдукаримович — Украина мемлекетінің Киев қаласында Джиу-джитсудан ересектер арасында комбат-систем бойынша өткен Әлем чемпионатының 1 орын иегері

Ережепов Досбол Көпжасарұлы — Украина мемлекеті Киев қаласында өткен Джиу-джитсудан Әлем чемпионатының 3 орын иегері

Жалал Абай Еркінұлы – Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен ММА аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатының 2 орын иегері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *