Аудандағы Қарасу ауылында «Ардагерлер аллеясы» ашылды,-деп мәлімдейді Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Аллеяның ашылу салтанында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Оразалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Үміткүл Мұратбековалар қатысты.
Ауылдықтар қарттарға, ауыл тұрғындарына жасалған бұл тарту үшін аудан басшылығына алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Ауыл әкімдігінің бюджеті есебінен салынған бұл нысанның құрылысын «Қарасу Строй Инвест» компаниясы жүргізген. Жобаның құны — 15 000 000 теңгені құрайды.
Қарасу ауылдық округінен ҰОС-на 11 азамат қатысқан. Олардың барлығы да өмірден өтті. Қазіргі таңда тыл ардагерлері, Семей ядролық полигонына қатысқан азаматтар – ауылда жалпы 37 ардагер бар.