Меруерт Түсіпбаева билік басындағыларға ақыл айтты

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева соңғы күндері желіде неге белсенділік танытпағанын, оқырмандарына түсіндірді. Тараз да болған жағдайға байланысты, ел алдына шыға бермеген дұрыс деп санаған. Отандық әнші билік басындағыларға разы емес екенін де тілге тие кеткен.

     Достарым көптен фото, жазба қалдырмадым. Кешірім сұраймын. Таразда болған қасіреттен кейін, #пирвовремячумы деп орыстар айтпақшы. Халқым қан жылап, бейбіт заманда жақындарынан айырылып жатқанда, өйтіп жатырмын, бүйтіп жатырмын деп, жылтылдап, мәнсіз жырқылдақты салғым келмеді. Мен не айта аламын?! Аллах тауфих берсінші, үстіндегілерге! Ұйықтамай халықтың сенімін ақтап, жауапкершілікпен атқарсын қызметтерін! Қолдарынан түк келмей, елді қырса – кетсін! Есік ашық! «Үкібайсыз да ел болғанбыз»!  Елге жаны ашитын, талантты адамдарға берсін тізгінді. Енді осылай қасірет түспесе екен басымызға.  «Ел аман жұрт тыныш болса екен», — деп жазды отандық әнші.

 

 

Өнер иесінің бұл жазбасы желіде талқыға түсті. Түсіпбаеваның оқырмандары бірі толықтай келісіп жатса, енді бірі бұл сөзіне қосылмайтындарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *